Пікір

Сын сағатта салғырт болмаңыз!

Роман РАХИЕВ,

денсаулық сақтау саласының ардагері.

Былтыр әлем елдерін жайлаған коронавирус инфекциясы біздің елді де айналып өтпеді. Жұқпалы індет отандық медицинаға да үлкен сынақ болды. Халықтың жұмысы түбегейлі осы жағдайға байланысты өзгерді.  Әрине, індетпен күресте алдыңғы шепте ақ халатты жандар жүрді. Облыстық денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаржы бөлініп, емханалар жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Медициналық кешендер салынып, рентген аппараттары алынды.

Бүгінде пандемияның үшінші толқыны басталып, халықты әбігерге салып жатыр.

Қазір адам организмі қыстан шығып, иммунитеттің қорғаныс күштерінің әлсірейтін уақыты. Сондықтан дұрыс тамақтанып, сақтық шараларын барынша ұстанған дұрыс.

Мен қырық жылдан астам медицина саласында жұмыс істеп, қазір зейнеткерлік демалысқа шықтым. Дәрігер, қала тұрғыны ретінде азаматтарды аурудың алдын алу шараларына баса назар аударуға шақырамын. Ауырған жағдайда бірден дәрігерге қаралу керек. Әуелгі уақытта көп адам үйден емделіп, ауруын асқындырып алғандар да болды. Денсаулығымызға салғырт қарасақ, өзімізге ғана емес, жақындарымызға да қауіп төндіреміз. Бұл кезең әрбірімізге жауапкершілік арқалатып тұр.

Алдағы уақытта облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесі өкілдерінің атынан індетпен күрескен медицина қызметкерлерінің құрметіне ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button