Пікір

Тәжтажал тағы өршіді, сақ болайық!

Жұлдыз ҚАЗИХАН,

облыстық мәслихат депутаты.

Дүниені дүрбелеңге салған тәжтажал араға жыл салып тағы өршіді. Бүгін біздің қала қызыл аймаққа кірді. Қауіп күшейіп тұр. Соған қарамастан, қала тұрғындарының бейқамдығы алаңдатып отыр. Дегенмен басты құндылық — халықтың амандығы екенін ұмытпауымыз керек.

Облыстық мәслихат депутаттары қала сыртындағы наркодиспансерде COVID-пен ауырып қалғандардың жағдайын көздерімен көріп қайтты. Дәрігерлердің айтуынша, жағдай біз ойлағаннан анағұрлым қауіпті әрі былтырғыдан қарағанда қиын. Былтырғы жаздағы жайт қайталанбас үшін егде адамдардың денсаулығына көбірек көңіл бөлген жөн.

Ал жалпы тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты сақтап, вирустан қорғану құралдарын (бетперде, антисептик) пайдаланғаны дұрыс. Әзірге той-томалақ, жиындарды қысқарта тұрған абзал. Әлі алаңсыз ашық аспан астында талай той тойлайтын күн туады деп сенеміз. Әлем ғалымдарын алаңдатқан вирустың «оңтүстік африкалық» және «ұлыбританиялық» мутациясы таралу жылдамдығы жағынан қауіп тудыратынын ескерсек, карантин талаптарын қатаң сақтайық! Мейлінше себепсіз үйден шықпай, барынша оқшауланған жөн.

Жақыныңызға жанашыр болыңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button