Мәдениет

Өнегелі өнер өрісі

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония «Ер Едіге» атты рухани жыр кешін ұйымдастырды. 

Кеште филармонияның дәстүрлі әншілер тобы өнер көрсетті.

«Ер Едіге» тарихи-қаһармандық эпосының 50-ден астам нұсқасы бар. Академик В.М.Жирмунскийдің айтуынша, «Ер Едіге» жырының орыс тіліне аударылған нұсқаларының өзі 30-ға жетеді екен. Кейбір зерттеушілер о баста «Едіге батыр» жырын Сыпыра жыраудан таралған дейді.

Ақтөбеде өткен кеште «Мәулімнияз-Едіге» жыры (Нартуған нұсқасы) үш сағат бойы жырланды. ҚР Мәдениет қайраткері Феруза Нарман, ҚР мәдениет саласының үздігі Елдос Жұмағұлов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары — Нұрлан Әбдібеков, Ғазиза Әбдірова, Динара Шынарбаева мен Әділет Күзенбаевтардың өнеріне көпшілік риза болып тарасты. Кешті ҚР мәдениет саласының үздігі Орал Бәйсеңгір жүргізді.

Филармонияның дәстүрлі әншілер тобы бұған дейінгі жыр кештерінде «Нарқыз» дастанын (Нұрпейіс Байғанин), «Асау-Барақ» жырын жырлаған еді. Жыр кештері — облыстық филармония ұжымының ақтөбелік өнерсүйер қауымға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына шашу ретінде ұсынып отырған жобасы. Ол алда да жалғасын табатын болады.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button