Әдебиет

Мәңгілік ғұмыр

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №6 Қарғалы селолық модельді кітапханасының оқу залында «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты поэзия сағаты өтті.

Шараның негізгі мақсаты — Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Мұқағали шығармалары арқылы туған жерді сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға тәрбиелеу.

Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар және ата-аналар  қатысты. Жас оқырмандар ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде де оқыды.

Кітапханашы Лейла Лесова «Поэзия, менімен егіз бе едің?..» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ шарада «Мұқағали Мақатаевтың әнге айналған жырлары» айдарымен ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала бермек.

Ләззат ҚОБЫЛАНДИНА, 

№6 Қарғалы селолық модельді

 кітапханасының меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button