Ресми

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен

наградтау туралы

ҚАУЛЫ  ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты  нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар Қазақстан Республикасының  мемлекеттік наградаларымен наградталсын:

Ақтөбе облысы бойынша

III  дәрежелі «Айбын» орденімен:

ҚҰЖБАНОВ Әділжан Төлегенұлы — «Ауған соғысы жауынгер-интернационалистері» ҚБ төрағасы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы

«Парасат»  орденімен:

БАЙЖОМАРТОВ Үкітай Серікбайұлы— Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, Ақтөбе қаласы

«Құрмет» орденімен:

ӘЖІБАЕВ Ерсайын Ысқақұлы — «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бастығының орынбасары

БАҚЫТЖАНОВА Шалқия Ауғанбайқызы— Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі, Ақтөбе қаласы

БЕКМҰРАТОВ Нұржан Бекмұратұлы— «Жарық» Ақтөбе  электрожелілік-механикаландырылған колоннасы» ЖШС  учаскесінің шебері, Ақтөбе қаласы

ИМАНҚҰЛОВ Жақсығали Исламұлы — «Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ  бастығы

ИСАЕВ Анатолий Анатольевич— «Интерстиль» ЖШС прорабы, Ақтөбе қаласы

ҚАНИЕВ Бауыржан  Нұралыұлы— Ақтөбе облысы  Темір ауданының әкімі

РАЙЫМҚҰЛОВ Мирболат Төлеуұлы— «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Салық департаменті» ММ бастығы

САҒАНДЫҚОВ Халыулы Бөлікбайұлы— «Ақтөбе кондитерлік фабрикасы»  ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласы

САЛЖАНОВ Исламбек Түлеубайұлы— «Алтын Қыран» компания тобының бас директоры, Ақтөбе облысы

ШАҢҒҰТОВ Серік Тілеулесұлы— Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі

ЯКИМОВ Владимир Сергеевич — «Восток» ШҚ басшысы,  Ақтөбе облысының  Алға ауданы

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

ЕЛДЕСОВ Нұркен Бархиянұлы — Хлебодар орта мектебінің директоры, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы

ЕРҒАЛИЕВА Шара Бахытжанқызы —  Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі, Ақтөбе облысының Темір ауданы

ЕСЕНҒҰЛОВ Тақталифум Сәдуұлы— «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ   бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы

ЖАМАНШАЛОВА Рысбике Зайлағықызы — «Пацаев» ЖШС сауыншысы, Ақтөбе облысының  Қарғалы ауданы

ЖАРЫЛҚАСЫНОВ Қалу Дәрібайұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы

ҚАЗКЕЕВ Мұқанбетқали Мәжитұлы — Қарғалы ауылдық  округінің әкімі, Ақтөбе қаласы

КОШИК Александр Алексеевич — «Коппер Технолоджи» ЖШС бөлімінің бастығы, Ақтөбе  қаласы

РИДЕЛЬ Анатолий Альбертович— Жайсан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы

ТАЛИПОВА Сәуле Қасқырбайқызы — № 2 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Ақтөбе облысының Шалқар қаласы

ТҰЯҚОВА Мәрия Қамраденқызы— «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, Ақтөбе қаласы

ЯКУШОВ Сергей Валентинович — Ақтөбе облысы  әкімі аппараты басшысының орынбасары

«Шапағат»  медалімен:

АВРАМЕНКО Владимир Иванович— «Жедел жәрдем көрсету ауруханасының» МКҚК перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы

БЕРДЕМБАЕВ Сисен  Оразғалиұлы— «Көптоғай» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы

ТӨЛЕУБАЙ Кемейдулла— «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы   Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Ақтөбе қаласы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына:

ЕГІМБАЕВ Болат Сәукенұлы— «Ақтөбе облысының  сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бастығының орынбасары

МӘМБЕТОВА Гүлнәр Жалғаспайқызы— Ғ.Жұбанова атындағы   Ақтөбе облыстық филармонияның  «Аққу» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, Ақтөбе қаласы

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

ӘДІЛОВ Ербол Өтегенұлы— «Компания-Емшан-Еmshan Co» ЗТБ вице-президенті, Ақтөбе қаласы

ӘУЕСБАЕВ Сәбит Менділханұлы— «МАС-ТАК» ЖШС  бригадирі, Ақтөбе қаласы

БАЙЛИЕВА Райса Оразбекқызы— Ақтөбе қаласының ІІБ патрульдік полиция батальоны дереу әрекет жасау  аранайы жасағының  инспекторы

БОЛДАНГАРИНА Роза Баянқызы— Ақтөбе облыстық  Достық  үйінің бөлім әдіскері, Ақтөбе қаласы

ДЖУМАЛИШЕВ Самат Базарбайұлы — Ақтөбе облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бойынша  олимпиадалық резервінің  директоры, Ақтөбе қаласы

ОСПАНОВА Рауза Зейноллақызы— еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы

ХАБИБУЛЛИНА Эльвира Гинаевна— Ақтөбе облыстық Достық үйі  «Язгы моңнар» татар халық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Ақтөбе қаласы

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                     Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2010 жылғы 7 желтоқсан

№ 1117

«Ақтөбе облысының жыл адамы — 2010»

атағын беру туралы  Ақтөбе облысы әкімінің 2010 жылдың

6 желтоқсанындағы № 472-ө  өкімі

АЛМАҒАНБЕТОВА Дидар Айтбайқызы, Темір ауданы  Шұбарқұдық гимназиясының директоры — үздік-инновациялық мектеп-гимназияны жоғары сауатты басқарғаны, оқушыларға сапалы білім берудегі  мұғалімдердің кәсіби шеберлігін  арттыруға  қосқан үлесі үшін

ӘЛЖАНОВ Миржан Сағынайұлы, «Орталық мәдениет және демалыс саябағы» МКҚК директоры — қала тұрғындарының көпшілік демалыс орнын көркейтуге  қосқан үлесі үшін

ӘЛМҰХАМБЕТОВ Оразбек Хамитұлы, Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс  күштері Әскери институтының бастығы — Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жас мамандарды жоғары кәсіби даярлауға  және жастарды патриоттық тәрбиелеуге  елеулі үлес қосқаны үшін

БОЛДАҒАРИНА Роза  Баянқызы, облыстық Достық үйінің әдіскері, музей саласының ардагері — музей ісінің дамуына, туған жердің тарихын зерттеуге және насихаттауға, Ақтөбе қаласының  140 жылдығына және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған деректі фильмдердің шығуына қосқан зор үлесі үшін

БӨЛЕКОВА Зоя Мекетайқызы, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селолық округінің әкімі — аудандағы қоғамдық–саяси ахуалды және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын  нығайтуға, ауылды көркейтуге  қосқан елеулі  үлесі үшін

ВЕДЮШКИН Сергей Александрович, Қандыағаш қалалық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің пауэрлифтинг бөлімінің жаттықтырушысы —  облыстың спортын дамытуға, жас спортшыларды тәрбиелеуге және әлем, Азия, республикалық және облыстық жарыстар жеңімпаздарын даярлауға қосқан  үлесі  үшін

ДЕРБІСӘЛИН Аманқос,  дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Батыс» өңіраралық департаментінің бастығы — ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін

ДҮЙСЕНБИНА Жанна  Сейтжанқызы, «Жасөспірімдер үйі» ММ директоры — жасөспірімдер үйінің жұмысын біліктілікпен ұйымдастырғаны және ұжымды сауатты басқарғаны,  тәрбиеленушілерге оқып білім алуына және жұмысқа орналасуына  қолайлы жағдай жасағаны  үшін

МҰХАМБЕТОВ Архимед Бегежанұлы, Ақтөбе қаласының әкімі — Ақтөбе қаласының  қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын  нығайтуға қосқан зор үлесі үшін

НҮРКЕЕВА Айгүл Маратқызы, «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы —

облыстың ақпараттық  кеңістігін дамытуға қосқан үлесі үшін

РСАЛИН Аманбай, «Шапағат» облыстық әлеуметтік-қоғамдық  қорының

атқарушы директоры — облыстағы қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік  серіктестікті  дамытуға қосқан үлесі үшін

СӘРСЕМБАЕВ Самат  Сәрсембайұлы, теннистен облыстық балалар-жасөсірімдер спорт мектебінің директоры — облыстағы спорттың дамуына, жас спортшыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін

Облыстық комиссияның 2010 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен анықталған  мәдениет және өнер саласында

облыс әкімі сыйлығының лауреаттары:

Арыстанова Жадыра Мақсұтқызы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі, Уфа қаласындағы «Урал моно-2010»   халықаралық шығармашы жастардың музыка  фестивалінің лауреаты – ұлттық вокалдық өнерді насихаттағаны, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін

Баймағанбетова Гүлнәр Мұханбетжанқызы, «Алақай» облыстық куыршақ театрының актрисасы,  «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, республикалық және халықаралық фестивальдардың дипломанты  – халықаралық деңгейде театр өнерін насихаттағаны, кәсібилігі және шеберлігі үшін

Ерімбетов Темір Бекетайұлы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры музыка бөлімінің меңгерушісі – облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін

Жұмағалиева Әсия Нұрқасымқызы, Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры  – ауданда кітапхана қызметін дамытуда заманға сай технологияларды енгізгені, ауылдық елді мекендерде модельдік кітапханалардың ашылуына қосқан үлесі үшін

Жұманов Амангелді Рамазанұлы, Ойыл халық театрының режиссеры, облыстық халық театрлары фестивалінің лауреаты – мәдениет саласындағы көп жылғы еңбегі, ауылдық жерлерде көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дамытуға, халықтың мәдени демалысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін

Зейнелов Бақытбек Жұбатқанұлы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония қазақ ұлт аспаптар оркестрінің солист домбырашысы, эстрадалық музыка туындыларының көркемдеушісі – жоғары орындау шеберлігі, республикалық және халықаралық дәрежедегі мәдени іс-шараларға белсене қатысқаны үшін

Кенжебаев Уәлихан Мақсұтұлы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актеры – театр өнерін насихаттағаны,  сахналық образдарды айшықты сомдағаны, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін

Константинов Станислав Константинович, «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының   дизайнері – Ақтөбе қаласының 140 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ақтөбем – алтын бесігім», «Естелік кітап» деректі фильмдерін түсіруге және шығаруға қосқан үлесі үшін

Көбекова Бейсенкүл Бегайдарқызы, суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі  – облыстық, республикалық көрмелерге белсене қатысқаны,  жастарға эстетикалық және көркемдік тәрбие бергені  үшін

Қолдасбаев Нұрәділ Алтынбайұлы, Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы – мәдениет мекемелері желісін,  көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дамытуға, халықтың мәдени демалысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін

Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы, Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы – Ақтөбе қаласы бойынша мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға, халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар ұжымдарын дамытуға қосқан үлесі үшін

Мұқашева Шәйзада Тілегенқызы, облыстық тарихи- өлкетану музейінің қор бөлімі меңгерушісі – ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, туған өлке тарихын насихаттауға, жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін

Павлова Ольга Анатольевна, «Лестница» эксперименталдық театрының көркемдік жетекшісі, Алматы қаласындағы жастар мен студенттер театрлары республикалық фестивалінің «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша лауреаты – театр өнерін насихаттағаны, өскелең ұрпақты эстетикалық және көркемдік тұрғыда тәрбиелегені үшін

Төпенова Бағдаш Абдижамиқызы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығының директоры  – Кеңес Одағы Батыры Ә. Молдағұлованың ерлігін насихаттағаны, өскелең ұрпаққа патриотикалық тәрбие бергені, облыста қоғамдық- маңызды іс-шараларды өткізуге белсене қатынасқаны үшін

Үкітайқызы Гүлбану, «Естелік кітап» жобасының жетекшісі және режиссеры, Артем Боровиктің халықаралық сыйлығының  лауреаты – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Естелік кітап» деректі фильмін түсіруге және шығаруға қосқан елеулі үлесі үшін

Шомпылов Дидар Жанғазыұлы, «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының   дизайнері – Ақтөбе қаласының 140 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ақтөбем – алтын бесігім», «Естелік кітап» деректі фильмдерін түсіруге және шығаруға қосқан үлесі үшін

Ілиясова Майра Сидағұлқызы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы – облыстың театр өнерін қалыптастыруға және дамытуға қосқан үлесі, бірқатар айшықты сахналық образдарды сомдағаны үшін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button