Құқық

5 күнде 25 мас жүргізуші анықталды

Құқықтық тәртіп

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 12-18 наурыз аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

— Облыс аумағында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде 85 қылмыс тіркелді. Іздеуде жүрген 1 адам ұсталды. Бұрын жасалған 27 қылмыс ашылды. Есірткі құралдарын сақтау, тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып жүру, суық қару (пышақ) алып жүру секілді құқық бұзушылықтың 105 дерегі тіркелді.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, яғни, «нөлдік төзбеушілік» тәртібінде 3348 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.  Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1427 жағдайы анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару бойынша — 25, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру — 225, қарсы жолаққа шығу — 38, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу — 102, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша 546 дерек тіркелді, —  дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен ойын-сауық орындарының әкімшілеріне шектеу іс-шараларын өткізуге байланысты барлық ойын-сауық орындары сағат 24.00-де жабылуы тиіс екенін, олай болмаған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатынын ескертеді.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button