Мәдениет

Жыр кешіне келіңіз!

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ақтөбелік өнерсүйер қауымға Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына шашу ретінде жыр кештерін ұсынып жүр.

Бұған дейін тыңдармандар филармонияның дәстүрлі әншілер тобының жырлауымен «Нарқыз» дастанын (Нұрпейіс Байғанин) және «Асау-Барақ» жырын тыңдады. Енді 20 наурызда тарихи-қаһармандық «Ер Едіге» эпосынан «Мәулімнияз — Едіге» жыры (Нартуған нұсқасы) ұсынылмақ.

«Ер Едіге» жыр кеші 20 наурыз күні сағат 16.00-де Өнер орталығында өтеді.

Қатысатындар: ҚР Мәдениет қайраткері Перуза Нарман, ҚР Мәдениет саласының үздігі Елдос Жұмағұлов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары — Нұрлан Әбдібеков, Ғазиза Әбдірова, Динара Шынарбаева, Әділет Күзенбаев.

Кештің жүргізушісі — ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button