Спорт

Алғашқы кездесулер

Премьер-Лига

Өткен аптаның 13-14 наурыз күндері биылғы чемпионаттың алғашқы ойындары өтті. 1-турда «Астана» командасының қатарға биыл қосылған «Тұранмен» тең ойнағаны болмаса, аса елең еткізерліктей жаңалық бола қойған жоқ. Шымкентте өтуге тиіс «Ордабасы» мен «Қызылжар СК» командаларының кездесуі қолайсыз ауа райына байланысты кейінге қалдырылды.

«Ақтөбе» алғашқы кездесуін Ақтауда өткізді.

Жасыл алаң екі тайм бойы текетіреске толы болғанын ерекшелеп айтқан жөн. Дегенмен жанкүйерлер асыға күткен алғашқы гол ойынның бірінші бөлігінде соғыла қойған жоқ. Әуелі қонақтар шабуылдады, одан соң алаң иелері күшке мінді, 30-минуттардың шамасында бір-бірінің осал тұсын таба алмаған футболшылардың қимылдары саябырсып қалған сәттер де болды. Әйтсе де қақпа құлпы ашылмады демесеңіз, кездесудің алғашқы жартысы көрермендерді еш жалықтырған жоқ.

Сол текетірес екінші таймда да жалғасын тапты. Бұл кезеңде екі гол соғылды. Және екі гол да стандартты жағдайда соғылды.

Тайм басталған соң көп ұзамай ақтөбеліктер қарсыластарға қарсы ойын ережесін бұзды да, 52-минутта Уаджди Сали жиырма шақты метр жерден айып добын орындады. Ол біздің Жасұр Нарзиқұлов қорғаған қақпаның оң жақ бүйірін дәл нысанаға алғаны соншалық — қақпашымыз әуеден төмендей келе зып ете түскен допқа кешіге ұмсынып қана үлгерді: 1:0.

Бұдан соң ақтөбеліктер шабуылды үдетіп жіберді. Сондай сәттердің бірінде ақтаулық қорғаушылар абыржи қимылдап, қақпаның айып алаңына оң қанаттан құлдилай енген Дидар Жалмұқанды шалып құлатты да, петропавлдық төреші Александр Гаузер еш кідірместен он бір метрлік нүктені көрсетті. Пенальтиді 61-минутта Максим Федин мүлтіксіз орындады: 1:1.

Кездесу соңына дейін жеткілікті уақыт болғанымен, екі команда да қаншама шабуылдар ұйымдастырса да, гол соға алмады. Жалпы екі таймда да қақпаға тура бағытталған қауіпті соққылар көп болды. Сол себепті де стадионға жиналған жанкүйерлер бұл күні тартысқа толы қызықты футбол ойынын тамашалағаны дау туғызбаса керек.

«Каспий»-«Ақтөбе» — 1:1

Гол авторлары: Уаджди Сали, 52-минут (1:0); Максим Федин, 60-минут, пенальти (1:1).

Ескерту қағазын алғандар: Давид Караев, 49-минут; Уаджди Сали, 69-минут; Мақсат Тайкенов, 90+2 минут («Каспий») — Игорь Сергеев, 30-минут; Тонго Думбия, 40-минут; Рустам Темірхан, 45-минут; Михал Йерабек, 75-минут («Ақтөбе»).

14 наурыз 2021 жыл. Ақтау қаласы, «Жас қанат» стадионы. 900 адам.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Жасұр Нарзиқұлов (қақпашы), Армен Манучарян, Михал Йерабек, Әлішер Әжімов, Рустам Темірхан, Юрий Перцух (Виталий Волков, 82-минут), Тонго Думбия, Дидар Жалмұқан (Рифат Нурмугамет, 68-минут), Максим Самородов (Эрвейн Мукам, 57-минут), Максим Федин (Олег Чернышов, 81-минут), Игорь Сергеев.

Бас бапкер Алексей Бага.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Атырау»-«Шахтер» — 0:1

Гол авторы: Виталий Балашов, 14-минут (0:1).

13 наурыз 2021 жыл. Атырау қаласы, «Мұнайшы» стадионы. Көрерменсіз өткізілді.

 

«Қайсар»-«Тараз» — 2:3

Гол авторлары: Елдос Ахметов, автогол, 5-минут (1:0); Мақсат Байжанов, 22-минут (2:0); Абзал Таубай, 25-минут (2:1); Абылайхан Жұмабек, 36-минут (2:2); Бауыржан Байтана, 45-1 минут (2:3).

14 наурыз 2021 жыл. Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион. 1300 адам.

 

«Тұран»«Астана» – 2:2

Гол авторлары: Марин Томасов, 9-минут (1:0); Таңат Нөсербаев, 17-минут (1:1);  Мардан Төлебек, 67-минут (2:1):  Абзал Бейсебеков, 54-минут (2:2).

13 наурыз 2021 жыл. Түркістан қаласы, «Түркістан Арена» стадионы. 1000 адам.

 

«Қайрат» – «Жетісу» – 2:0

Гол авторлары: Небойша Косович, 69-минут (1:1); Гүлжігіт Алықұлов, 72-минут (2:0).

49-минутта Денис Поляков («Қайрат») жасыл алаңнан қуылды.

13 наурыз 2021 жыл. Алматы қаласы, Орталық стадион. Көрерменсіз өткізілді.

 

«Тобыл»-«Ақжайық» — 2:0

Гол авторлары: Азат Нұрғалиев, 30-минут (1:0); Асхат Тағыберген, 75-минут (2:0).

14 наурыз 2021 жыл. Қостанай қаласы, «Тобыл Арена» стадионы. 600 адам.

 

ІІ тур кездесулері

19 наурыз:

«Тараз» — «Қызылжар СК»

«Қайсар» — «Қайрат»

«Астана» — «Каспий»

20 наурыз:

«АҚТӨБЕ» — «ТОБЫЛ»

«Шахтер» — «Ордабасы»

«Ақжайық» — «Атырау»

«Жетісу» — «Тұран»

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button