Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

14.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 18 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар –15 (Ақтөбе қаласы – 14, Хромтау ауданы – 1), симптомсыз –3 (Ақтөбе қаласы – 2, Мәртөк ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,4% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4522 жағдай тіркелді, оның ішінде 52,4%-ы ауру белгілерімен (2370) және 47,5%-ы симптомсыз (2152) жағдай. 4224(93,4%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 3224 жағдай, оның ішінде (1341 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 114 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 167 (74), Мұғалжар – 217 (160), Темір – 205 (166), Ойыл – 78 (24), Хромтау – 168 (82), Шалқар ауданы – 135 (78).

Жалпы  тіркелген  4522  науқастың 3,3% (152) сырттан әкелінген, 16,1% (732) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (3638) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 31,6% (1150) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 816  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button