Жаңалықтар

Жаңа жоба жүзеге асырылуда

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгелмен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесті.

Кездесуде облыс әкімі «Антикор» орталығының қоғам арасында, оның ішінде кітапханалар арқылы парасаттылық, адалдық қағидаларын ілгерілететін «Парасат жолы» жаңа жобасын жүзеге асырудағы бастамасының маңыздылығын атап өтті.

Жоба ақын-жазушылар, білім және ғылым қайраткерлері сынды елдің түкпір-түкпіріндегі шығармашылық адамдарының басын қосты.

Айта кету керек, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы облыста белсенді жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өңірдегі 233 мемлекеттік кітапханада облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес «Парасат жолы» орталықтары жұмыс жасайды. Орталықтарда қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар үздіксіз ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отырады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button