Денсаулық

Дәрігерге құлақ ас!

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарды дәрігердің айтқанын орындауға, вирусты инфекцияның белгілері байқалса,  өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды.

А.Ғинияттың айтуынша, қазір коронавирусқа шалдығып жатқандар көп. Індет аяқталған жоқ. Сондықтан тұрғындар барынша сақтанып жүруі керек. Қолды жиі жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланған жөн. Жөтелгенде, түшкіргенде мұрын мен ауызды жабу керек. Өзгенің сүлгі, орамалын пайдалануға болмайды.

— Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шықпаңыз, жұмыстағы басшыңызға бойыңызда вирусты инфекцияның белгілері бар екенін ескертіңіз. Отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз, емханаға қоңырау шалып, учаскелік дәрігерге SMS жіберіп, жағдайыңызды айтып, хабарласыңыз. Өз-өзіңізді  емдеумен айналыспаңыз. Профилактикалық тексеруден өтіп, дәрігерлердің айтқанына құлақ асыңыз, — деді А.Ғиният.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button