Спорт

Біздің су допшылар үздік үштікте

25 ақпанда басталған су добы сайысы бойынша ҚР чемпионатының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз бөлімі хабарлады.

«Достық» су спорты орталығында өткен додаға Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 9 команда қатысты. Финалдық кезеңге жолдама алу үшін 13-15 жас аралығындағы су добының шеберлері өзара бақ сынасты.

Турнир кестесі бойынша көшбастап тұрған – Жамбыл облысы. Екінші орында 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласының командасы. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған ақтөбелік су допшылар. Жерлестеріміздің қоржынында – 8 ұпай.

Еске салсақ, жарыстың бірінші кезеңі Атырау қаласында өтті. Бірінші кезең қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының құрамасы алтыншы орынға жайғасқан еді.

Чемпионаттың үшінші кезеңі және финалдық ойын Өскемен қаласында 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.

Шолпан НҰРЛАНҚЫЗЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button