Жаңалықтар

Медиацияның маңызы зор

Дөңгелек үстел

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе қалалық №3 сотының бастамасымен облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері «Медиация институтын одан әрі дамыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға аталған соттың төрағасы Назира Аманқұлова, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Нұрхан Ағниязов, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен медиаторлары қатысты.

Айбек Көпенов іс-шараның мақсатын айта келе, медиаторлардың белсенді жұмыстарының нәтижесінде облыс аудандарынан медиация орталықтары мен кабинеттері ашылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол медиаторлардың жұмысы көрсетілмейтінін және жасалған медиативтік келісімдердің саны мен басқа да тұстары бойынша деректердің есебі жүргізілмейтінін айтты.

— Бүгінде өңірде жасөспірімдер арасында суицид, қылмыстың өршуі, жас отбасылардың ажырасуы секілді,  басқа да әлеуметтік мәселелер бар. Осы бағытта жұмыстарды күшейту керек, — деді А.Көпенов өз сөзінде.

Шараға қатысқан судья Жеңіскүл Сұлтанова медиативтік келісімдердің заңсыздығын анықтау және олардың күшін жою фактілерінің бар екендігін атап өтіп, медиативтік келісімдерге байланысты істерді қарау кезінде туындаған даулар бойынша бірқатар мәселелерге тоқталды.

Іс-шараны қорытындылай келе, сот төрағасы медиация институтын одан әрі дамыту және қоғамдағы дау деңгейін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button