Спорт

Нұртастың алғашқы белдігі

Кәсіпқой бокс

Жерлесіміз Нұртас Əжбенов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, «WBC Asia Continental» белдігін жеңіп алды.

Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Əжбенов ресейлік қарсыласы Евгений Смирновты 10 раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша ұпай санымен ұтты. Бұл — Нұртастың кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Оның ішінде 4 жекпе-жегін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтады.

Айта кетейік, Нұртас Əжбенов — Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Жаттықтырушысы — Аманкелді Үсенбаев.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button