Мәдениет

Жамбылдың жыр мұрасы

Қарғалы аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жамбылдың жыр мұрасы» атты диско-лекция ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты —  жыр алыбы Жамбылдың шығармашылығын насихаттай отырып, сөз өнерін қадірлей білетін оқырман санын арттыру. Шараға Бадамша агротехникалық колледжінің оқушылары мен ұстаздары, кітапхана ұжымы қатысты.

Диско-лекция аудандық өнер мектебінің ұстазы Бағдат Қалағановтың орындауындағы «Көрұғлы» күйімен ашылды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Нұргүл Мысаева сөз сөйлеп, көпшілікті жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Шара барысында ақынның өмір жолынан дерек беретін бейнеролик көрсетілді.  Аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Кенжегүл Алжанова ақын шығармалары қойылған кітап көрмесімен таныстырды. Бадамша агротехникалық колледжі студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button