Жаңалықтар

Ермек Кенжеханұлы — облыс әкімінің орынбасары

Тағайындау

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды.

Ермек Кенжеханұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «Ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін​ «Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​

Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған.

Әр жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасының басшысы, облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы,​ облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

Аталған​ лауазымға тағайындалғанға дейін Мәртөк ауданының әкімі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button