Жаңалықтар

Мәртөк ауданында жаңа әкім

Тағайындау

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Мәртөк ауданының әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды.

Ол — Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің, Қазақ-орыс халықаралық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы филиалының несие офицері болып бастаған. Кейін «Қазақстан халық банкі» АҚ Мұғалжар аудандық бөлімшесінде менеджер, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, ​ Мұғалжар аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды. Сондай-ақ облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button