Тәуелсіздік — 30

3 отбасыға 50 мың теңгеден берілді

Марафон

Темір ауданындағы Н.Байғанин атындағы Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тартуы» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Алдымен шараға қатысушыларға Мәдениет үйінің фойесінде «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына — 30 кітап» тақырыбындағы көрме таныстырылды.

Шара Шұбарқұдық музыка мектебінің ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы күймен ашылып, көрермен қошеметіне бөленді. Одан соң аудан әкімінің орынбасары Н.Көшекбаева және аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Темір ауданында да бастау алғанына тоқталды, Тәуелсіздік жылдарындағы Темір ауданындағы жетістіктер баян етілді.

Сонымен бірге акция барысында аудан әкімдігі мен мәслихат депутаттары атынан әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Шара соңында Тәуелсіздіктің құрдасы Т.Еңсеген ауданның жалынды жастарының атынан сөз алып, өзгелерді әрдайым игі істер атқаруға шақырды.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ,

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button