Жаңалықтар

Нұрлыбек Өнербаев — облыстық қаржы басқармасының басшысы

Нұрлыбек Өнербаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе қалалық қаржы департаментінде, облыстық қаржы

департаментінде, Қарғалы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Қарғалы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде бөлім басшысы, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі болды.

2013-2016 жылдары «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының вице-президенті лауазымын атқарды.

Бұған дейін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button