Жаңалықтар

Қайрат Райымқұлов — аппарат басшысы

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Қайрат Райымқұлов тағайындалды.
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы облыстық қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе қаласы экономика және қаржы бөлімін, Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратын басқарып, облыстық қаржы, сондай-ақ экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары басшысының орынбасары болды, облыстық кәсіпкерлік басқармасында басшылық қызмет атқарды.
2020 жылы Президенттің жастар кадрлық резервіне кірді.
2020 жылдың сәуір айынан облыстық қаржы басқармасын басқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button