Экономика

Тариф көп өзгерген жоқ

2009 жылғы қаңтар-наурыздағы тұтынушылар рыногындағы инфляция мен бағалар туралы

Облыста биылғы жылдың қаңтар-наурызында инфляция 0,9 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Инфляцияның тұрақты қарқыны тауарлық ресурстардың көптігіне, өндіріс және қызмет көлемінің өсуіне, қызмет көрсету саласындағы тариф өзгерісінің онша көп еместігіне, ішкі рыноктағы отын-энергетика ресурстары бағасының төмендігіне байланысты болды.

Талдау жасалған кезеңде азық-түлік бағасы 1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 2,6 пайызға, ақылы қызмет 0,4 пайызға өсті.

Жекелеген инфляциясындағы баға өзгерісінің деңгейі тауарлар мен қызмет бағаларының өзгерісіне, сондай-ақ олардың жалпыхалықтық тұтыну шығындарына да тәуелді. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында инфляцияға азық-түлік емес тауарлардың бағасының жалпы өсімнің 1,3 пайыздан -0,8 пайызға көтерілуі себеп болды.

2008-2009 жылдардың қаңтар-наурыздағы негізгі инфляция үлесі

өткен жылдың желтоқсанына пайыз көрсеткішімен

Инфляция Азық-түлік тауарлары Азық-түлік емес тауарлар Халыққа ақылы қызмет көрсету
2008 2,2 3,9 1,6 1,2 0,4 0,7 0,2
2009 1,3 1,1 0,4 2,6 0,8 0,4 0,1

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында азық-түлік тауарлары бағасының өсім қарқыны 1,3 пайыз құрады. Бұл топтағы тауарлар бағасының өзгерісі әр қилы. Нан және жармақ өнімдері тобында баға индексі 98,7 пайыз құрады, оның ішінде ұн бағасы – 9,5%6-ға, жармақ – 2,6%ға, макарон бұйымдары 2,4%-ға арзандағаны байқалды, алайда бөлке және ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер бағасы 4,5%-ға көтерілді.

Ет өнімдері тобы бағасының индексі қаңтар-наурызда 102,3%-ға құрады. Құс етінің бағасы (3,9%), шұжық және еттен әзірленетін басқа да өнімдердің бағасы (6,3%) өсті.

Балық өнімдері бағасы 3,8%, оның ішінде жас және кептірілген балық бағасы – 2,0%-ға, консервіленген, қайта өңделген балық бағасы 5,0%-ға көтерілді.

Сүт, ірімшік, жұмыртқа тобының бағасы 3 пайызға төмендеді. Дегенмен сүт өнімдерінің бағасы 1,6 пайызға жоғарылады.

Өсімдік майы және май тобында бағаның 10,2 пайызға төмендеуі күнбағыс майының 21,1 пайызға түсуімен байланысты, бірақ маргарин 3,6, мал майы 2,7 пайызға көтерілді.

Жемістер мен көкөністердің баға индексі 98,6% құрады. Жемістерге бағаның 2,7% төмендеуі байқалады, оның ішінде: алма – 8,6%, лимон – 5,6%, көкөністен қызылша – 8,2%, сарымсақ – 7,8%, пияз – 8,0%, сәбіз 5,4% құрайды. Алайда көкөністің кейбір түрлерінің бағасы көтеріліп кетті, оның ішінде қырыққабат – 7,6%, қияр – 32,1%, қызанақ – 26,4%, консервіленген және өңделген көкөністер – 5,4%.

Жабдықтаушылардың баға өзгертуі нәтижесінде қант – 6,0%-ға, кондитер өнімдері – 3,9%-ға, алкогольді ішімдіктер – 11,1%-ға, темекі өнімдері – 7,6%-ға, кофе, шай, какао – 13,5%-ға, минералды су мен алкогольсіз ішімдіктер 4,0%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарларға баға индексі биылғы жылғы қаңтар-наурызда 2,6%-ды құрады. Тауарлардың азық-түлік емес топтарына баға өсімі азық-түлік тауарлары қымбаттауына қарағанда 1,6%-ға, тұрғындарға ақылы қызмет көрсетуге қарағанда 2,2%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарларға баға жабдықтаушылардың бағасына, тауар дайындауға шығындар ұлғаюына қатысты өзгерді. Бұдан басқа азық-түлік емес тауарларға баға қозғалысы көп жағдайда тұрақты валюта бағамы жағдайымен анықталады. Талданып отырған кезеңде теңгеге қатынасы бойынша доллар бағамы 25,4%-ға жоғары болды, бұл долларға сәйкестендірілген тауарға бағаның елеулі өсуі факторына айналды.

Құрылыс материалдарына (3,4%), тұрмыстық заттарға (2,5%), жуатын және тазалайтын құралдарға (23,4%), фармацевтілік дәрі-дәрмектерге (5,2%), автотранспорт құралдарына (3,4%), жеке гигиена тауарларына (13,0%), кітаптар мен газеттерге (5,0%) баға өсуі байқалды.

Әлемдік рынокта мұнай бағасының төмендеуі салдарынан жанар-жағармай материалдары бірінші тоқсанда 10,2%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер бойынша баға индексі биылғы үш айда 100,4%-ды құрады. Республиканың басқа аймақтары арасында біздің облысымыз кему шкаласы бойынша соңғы орын алады. Көптеген ақылы қызметтер арасынан индекстің қалыптасуына анықтауыш күшті міндетті төлемдерге қатысты және ақылы қызметке баратын тұрғындардың шығынының жартысын құрайтын тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы тарифтерінің өзгеруі алады. Біздің облысымыз бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша баға индексі биылғы қаңтар-наурызда электр энергиясына баға 11,0%-ға төмендеуі нәтижесінде 96,9%-ды құрады. Анықтама үшін: 2005-2008 жылдары ақылы қызметтер бойынша баға индексі басқа аймақтармен салыстырғанда аз болды, өйткені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа бағаның өсу қарқыны бойынша біздің облысымыз кему шкаласы бойынша соңғы және соңының алдындағы орынды иеленді, яғни баға өзгеруі елеусіз болды.

Денсаулық сақтау мекемелері көрсететін қызметтер бағасы 6,4%-ға көтерілді. Пошта қызметі 38,3%-ға, транспорт қызметі 3,7%-ға қымбаттады. Автокөлік жолаушылары тасымалы 4,1%-ға, оның ішінде халықаралық автобустарға 15,1%-ға қымбаттады. Теміржол жолаушылары тасымалы өсуі швейцар франкі бағамы өзгеруі есебінен 3,3%-ды құрады.

Ақылы қызметтің басқа түрлерінен бағаның өзгеруі құқықтық қызметте, киім тігу, тазалау, жөндеу, шаштараз қызметі, демалыс, ойын-сауық және мәдениет, салт-жораларға қатысты қызметте байқалады, бұл ағымдағы жыл басынан айлық есептік көрсеткіш өзгеруі мен шығындардың ұлғаюы салдарынан туындады.

Осылайша, 2009 жылдың І тоқсанындағы инфляцияны тауарлардың азық-түліктік емес тобына баға көтерілуі анықтады. Бағаның көтерілуінде айқындаушы әсерді жуатын және тазалайтын құралдарға, жеке гигиена тауарларына, газеттер және мерзімді басылымдарға, фармацевтикалық дәрі-дәрмектерге олардың қозғалысы көрсетуде.

Әлия БОРАНБАЕВА,

облыстық статистика департаментінің бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button