Денсаулық

65 жастан асқандар коронавирусқа қарсы егіле ме?

Елімізде 65 жастан асқандарға вакцина салуға рұқсат берілді. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Жаңа қаулы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаны алатын ересек адамдардың жасына шектеу болмайды. Алайда екпе салмас бұрын ол адамды мұқият тексеру керек. Вакцина алатын кезде қандай да бір созылмалы ауруы асқынып тұрмауы тиіс. Еске сала кетейік, Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният та  «Спутник V» вакцинасын алған болатын. 22 ақпан күні олар екпенің екінші дозасын алды. Жалпы жоспар бойынша  жыл соңына дейін елімізде алты миллионға жуық адам  індетке қарсы вакцинацияланбақ.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button