Денсаулық

Матадан тігілген бетпердені қалай киеміз?

Қазір дәріханаларда медициналық бетперде тапшы емес. Бірақ  матадан да бетперде тігіп, киіп жүргендер бар. Бұндай бетпердені қалай кию керек? Мата вирустан қорғай ма?

Мамандардың айтуынша, бетперде тігетін мата ауа өткізетін болуы керек. Бетперде тігу үшін оны бірнеше қабаттаған дұрыс. Бетпердені кимес бұрын қолды жуу немесе антисептикалық сұйықтық себу керек. Бетперденің жыртылмағанына көз жеткізген жөн. Бетперде мұрын мен ауызды толық жауып тұруы керек. Оны таққаннан кейін ұстауға болмайды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button