Басты жаңалықтарТәуелсіздік — 30

Қандыағашта гемодиализ орталығы ашылды

Марафон

Қандыағаш қаласында облыс əкімі Оңдасын Оразалиннің бастамасымен ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер» марафоны аясында жəне Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында гемодиализ орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, «Medlife+» медициналық орталығының құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханова жəне осы орталықтың меңгерушісі Олег Хан қатысты.

Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрғындар тілегі орындалып, енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай, жақын маңнан ем ала алады.

Науқастарға гемодиализ қабылдау үшін аптасына бірнеше рет ем алуға бару керек. Әрбір процедура 4-5 сағатқа дейін созылады. Ол кезде емделушілердің қаны арнайы сүзгі арқылы өтіп, тазартылады.

Диализ залы толықтай ең озық жапониялық «NIPRO» медициналық қондырғылармен толыққан. Емделушілер үшін 3 гемодиализ аппараты қолданылуда. Жеке инвестордың қаржысына ашылған гемодиализ орталығы бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді. Гемодиализ орталығында жоғары білікті 7 маман қызмет атқарады. 18 науқасқа қызмет көрсететін орталық ем алушыларды тегін ыстық тамақ жəне көлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда Мұғалжар, Байғанин жəне Темір аудандарының тұрғындары ем алатын болады.

Қандыағаш қаласында ашылған гемодиализ орталығы «Жастық» шағын ауданы, 2-үйде орналасқан.

 Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button