Жаңалықтар

Ақтөбенің 233 кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды

Облыста адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондайақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» жаңа жобасы таныстырылды. Осы мақсатта С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан кітапханаларында «Парасат жолы»  орталықтарының салтанатты ашылу рәсімі онлайн форматта өтті. 

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыҒалымбек Досанов,облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорыРаукен Отыншин, «Ақтөбе» газетінің бас редакторыБауыржан Бабажанұлы, Талғат Тілеулесов, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері мен аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары, кітапханадиректорлары қатысты.

Аталған жоба аясында сыбайласжемқорлыққақарсықызмет және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өзара іс-қимылының нәтижесінде облыстың 233 мемлекеттік кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қызметінің ең басты мәселесі — ол біздің мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру. Осы жұмысқа барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарды қатыстыру. Ең бастысы, халықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне қатыстырып, осы бағыттағы жұмысқа араластыру. Біз сыбайлас жемқорлықтың салдарымен  ғана емес, оны болдырмау, алдын алу  шараларымен де айналысамыз. Сыбайлас жемқорлыққа алып келетін себептер мен жағдайларды уақтылы жою мәселесі — басты назарда тұр. Алдымыздағы міндет — сыбайлас жемқорлыққа барған адамдарды жазалап, соттау емес, сыбайластықты болдырмай, ел азаматтарының басын аман-сақтау мәселесі тұр, — деді Ғ.Досанов.

Оның айтуынша, қазір елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен жобалар бар. Соның бірі — жаңадан жүзеге асырылып жатқан «Парасат жолы» жобасы. «Бұл — агенттік пен мәдениет министрлігінің ортақ жобасы. Жобаның мақсаты — ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», — деді Ғ.Досанов.

Кездесу барысында Алтынай Юнисова:

«Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде облыстың мемлекеттік кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылды. Бұл мақсатта біз меморандумға қол қойғанбыз. Енді сол әрі қарай жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін боламыз. Меморандумның мақсаты — азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, — деді.

Жиында бұл бастаманы ғалымдар меншығармашылық зиялы қауым өкілдері қолдады.Жоба орталығының жетекшісі болып С.Бәйішеватындағыоблыстықәмбебап-ғылымикітапханасыдиректорыныңміндетін атқарушы АйгүлҚырымқұловатағайындалды.

Алтынай Юнисованың айтуынша, «Парасат жолы» орталықтарының базасында енді азаматтардың белгілі ақын-жазушылармен, ғалымдармен, теологтармен,  қоғам белсенділеріменкездесулерөткізілетінболады.

«Парасат жолы» орталықтары бүгінде аудандық және ауылдық округтердің барлық кітапханаларында, тіпті, ең алыс нүктелерде де ашылған.

Кездесу барысында аудандық кітапхана өкілдері онлайн режимінде жаңа жобаға байланысты өз ой-пікірлерін білдірді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button