Құқық

112 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Акция

Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімі «Мүлдем төзбеушілік» атты акция өткізді. 

Мақсат — азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халық арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу.

«Мүлдем төзбеушілік» акциясы кезінде 112 құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар түнде және күндізгі уақытта  ата-ананың қадағалауынсыз жүрген 15 жасөспірім үйіне жеткізілді. Түнде баласын қараусыз жіберген екі ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүрді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button