Жаңалықтар

Департамент басшысы тағайындалды

Тағайындау

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы болып Қаблан Қамбарбеков тағайындалды.

35 жастағы Қаблан Қамбарбеков Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Ол бұған дейін сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігі  Қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс комитеті департаментінің бөлім басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қаблан Қамбарбеков Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы болып тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасын басқарды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button