Денсаулық

Ұжымдық иммунитетті көтеруге әр тұрғын жауапты

Брифинг

Ел арасында COVID-19-ға қарсы вакцинация жөнінде түрлі пікір бар, сәйкесінше сұрақ та көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингтің тақырыбы да осы болды.

Әуелі сөйлеген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, еліміздегі, тіпті әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қолайсыз.

— Бұл аурудың ауа тамшылары арқылы тарайтыны белгілі. Инфекцияның алдын алуға арналған ең пәрменді, ғылыми дәлелденген шара — вакцинация. Осыны ескерген біздің мемлекет те қазір коронавирусқа қарсы вакцинациялау шарасына аса мән беріп отыр. Біздің облыста 1 ақпаннан бастап ең әуелі жұқтыру қаупі жоғары топқа ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіле бастады. Егу шарасына қатысты арнайы жоспар құрылған, вакцинациялау жалғастырылады. Облыс бойынша 25 екпе кабинеті бар, егу жұмыстарын жүргізетін бригада мамандары арнайы даярланған. Ол жердегі қызметкерлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Осы күнге дейін вакцина мың адамға егілді, екпе алғандар арасында вакцинаға қатысты ешқандай реакция болған жоқ, — деді Мұхтар Сербаев.

«Неге мұғалімдерден бастап жатыр?» деген тұрғын сауалына облыстың бас инфекционисі Мейрамбек Құрманғазин «Тек біздің елімізде ғана емес, бар әлемде ауру жұқтыру қаупі жоғары топ өкілдері — дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері секілді мамандар ең бірінші кезекте егіледі», — деп жауап берді. Сондай-ақ ол вакцина егерде қарсы көрсетілімге ие созылмалы ауруы бар немесе аллергиясы бар тұрғындардың де жағдайы ескерілетінін де айтып өтті.

«Спутник V» вакцинасы біткен-бітпегенін да сұрап жатты бір тұрғын. Аталған вакцинаның бітпегені, екінші кезең жоспар бойынша наурыздың соңы немесе сәуірдің басында жалғасатыны айтылды.

Ал М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Салтанат Оразаева ресейлік «Спутник V» вакцинасының сынақ кезеңі облысымызда ойдағыдай өткенін, ұжымдық иммунитетті көтеру міндеті әр тұрғынның жауапкершілігіне жүктеліп тұрғанын жеткізді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button