Әдебиет

«Көктемір» поэмасына арналды

 Алға аудандық Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы ақын Ізтай Мәмбетовтің «Көктемір» поэмасына арналған конференция ұйымдастырды.

Конференция онлайн режимінде өтті. Оған белгілі ақын, публицист, аудармашы Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын, айтыскер Нұрлыбек Қалауов, т.б. қатысты. Конференцияда «Көктемір» поэмасындағы Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақтар туралы деректер төңірегінде сөз болды.

Жалпы, Ізтай ақынның мұраларын насихаттауда оның есімін иеленген аудандық балалар кітапханасының шағын ұжымы көп іс атқарып жүр. Кітапхананың ұйымдастыруымен жыл сайын ақпан айында тұрақты түрде Ізтай оқулары өткізіледі. Ұстаздар мен оқушылар осы кітапханадағы Ізтай ескерткішінің жанында ақынның өлеңдерін жатқа айтып, оның шығармашылығына қатысты өз жұмыстарын бірлесе талқылауды дәстүрге айналдырған.

Мәдина БОЛАТБЕК,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button