Жаңалықтар

Хромтау ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

18.02.2021 ж.
Хромтау ауданы тұрғындары арасында 

короновирус инфекциясының алдын алу
жөніндегі шараларды күшейту туралы

Хромтау ауданының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Хромтау ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар тұрғысынан бағалау матрицасына сәйкес сары аймаққа кіруіне байланысты (17.02.2021 жылғы 01-08/-00-12 хатымен түскен мәлімет)), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 және 4 тармақтарын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысының 2 тармағы 22) тармақшасын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Хромтау ауданының әкіміне: әр түрлі ұжымдық іс-шаралардың (салтанатты – банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, т.с.; еске алу т.с.), оның ішінде үйде өткізілуіне жол берілмеуін және аудан аумағында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді.
1.1. келесі объектілерге қатысты шектеу шараларын күшейту:
1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы талаптарын сақтай отырып топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;
2) Медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологиялардың алдын ала жазылу бойынша;
3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;
4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;
5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады);
6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;
7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеу;
8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсанындағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге 4 шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық (азық-түлік және азық-түлік емес) базарларының;
9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсанындағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге 4 шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын дайындықтар);
11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, демалыстан басқа жұмыс күндері алдын ала жазылу арқылы бассейндердің (1 келушіге 5 ш.м. су беті есебінен);
2. Хромтау ауданының әкімі, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 25, 28-қосымшаларындағы талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Хромтау ауданының әкімі, Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігеріне аудандағы денсаулық сақтау объектілерінің кіре берісінде тиісті көрсеткіштермен жабдықтай отырып ЖРВИ, ТОРИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабыдауды, медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді, стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері          Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button