Тәуелсіздік — 30

Тәуелсіздіктің құрдастарына барды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасы аясындағы жұмыстардың бірі  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды.

Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев бастаған мекеме басшылары тәуелсіздік жылдары өмірге келген мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, жағдайларымен танысты.

Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаевтың айтуынша, аудан бойынша 240 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 8-і тәуелсіздіктің құрдастары. Өздігінен жүріп-тұра алмағандықтан оларға аналары қарайды.

—  Кезкелген елдің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасымен анықталады. Біздің ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан тыс қалмайды. Олардың өмірге деген құштарлықтарын оятып, өнеріне шектеу болмау керек. Ондай жандардың бәріне бірдей қараймыз, — дейді аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев.

Тәуелсіздіктің құрдастары мен оның отбасына жылы лебізін білдіріп, мерекелік сыйлықтарын табыс етті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет қашанда жоғары. Ауданда оларды ортаға бейімдеп, қоғамдық жұмыстарға араластыру, өздері қалаған кәсібін ашуға ұдайы көмек беріліп келеді.

Самат ЕСЕНҚҰЛ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button