Жаңалықтар

Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлеспе!

Елімізде жыл сайын жол апатынан жүздеген адам қаза табады. Апаттың себебі көп. Оның ішінде ұялы телефонға қатысты оқиғалар жиі тіркеледі. Әсіресе, көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесетіндер, ойын ойнайтындар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Зерттеулер нәтижесінде телефонмен сөйлесу апатқа ұшырау қаупін бірнеше есе арттыратыны дәлелденген. Биыл полиция қызметкерлері ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып көлік жүргізген 382 жүргізушіні жауапқа тартты.

Көлік жүргізіп келе жатып телефон немесе  радиостанцияны пайдаланғаны үшін азаматқа  ҚР ӘҚБТК-нің 591-бабы 1-тармағы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге сақ болуды ескертеді. Егер сізге шұғыл қоңырау түссе, қауіпсіз жерде тоқтап барып қана жауап беру керек.  Сондай-ақ қозғалыс кезінде телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік беретін арнайы құрылғыны  қолданған дұрыс.

Есіңізде болсын! Егер қауіпсіздікті сақтамасаңыз, көлік жүргізіп келе жатқанда келген SMS сіздің өміріңіздегі соңғы хабарлама болуы мүмкін. Сондықтан сақ болған жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button