Мәдениет

Қарғалылық жас өнерпаздар тағы да жеңіспен оралды

Балалар мен жасөспірімдер театр шығармашылығының «Алтын шашу» атты алғашқы онлайн халықаралық байқауынан қарғалылық өнер ұжымдары жүлделі орын алды. 30 театр ұжымы арасында аудандық балалар өнер мектебінің «Өркен» театрының тәрбиеленушілері жүлделі екінші орынға ие болды.

Ұстаздары Әділжан Бақбергеновтің басшылығымен бұл байқауға жас өнерпаздар

Редьяр Киплингтің «Маугли» қойылымын ұсынды.

Байқауды Қарағанды қаласының №2 өнер мектебі ЮНЕСКО клубтары Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған. Қашықтан өткен додаға Ақтөбе және Қостанай облыстарының, Алматы, Екібастұз, Талдықорған, Өскемен қалаларының театр ұжымдары, Новосибирск, Омбы, Ұлан-Удэ және Бішкек қалаларынан келген студия ұжымдары қатысқан. Балалардың өнерін қырғыз режиссері Шәміл Дүйканбаев, Алматыдағы Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер мемлекеттік академиялық театрының драматургі Евгений Дубовик, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көрермендермен жұмыс жөніндегі жарнама бөлімінің менеджері Надежда Румянцева, Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының актрисасы Айнагүл Айтеманова, елордалық «Жастар» театрының режиссері Нұрфат Вахитовтар бағалады.

 А.МҰХАМЕДИЯРОВА,

Қарғалы ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button