Денсаулық

Министрлік  «Спутник V» вакцинасын ресми тіркеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптама комиссиясы «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы қауіпсіз, әрі сапасы мен тиімділігі жоғары деген  қорытынды шығарды.

15 ақпанда министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының 13 ақпандағы қорытындысы негізінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасына тіркеу куәлігін берді.

Ресейдің Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы  әзірлеген «Спутник V»  вакцинасы көрші елде 2020 жылдың тамыз айында тіркелген. «The Lancet» журналы жариялаған деректерге сәйкес вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі — 91,6%. Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға қолданылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button