Денсаулық

Тұмауға қарсы екпе кви-ге қарсы иммунитетті төмендете ме?

Жыл сайын елімізде тұмауға қарсы вакцинациялау жүреді. Тұрғындардың 10 пайызы екпе алатын.  Пандемия басталған кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы вакцина алатындардың қатарын 40 пайызға жеткізу керектігі жөнінде ұсыныс тастады. Себебі тұмаудың да белгісі  коронавируспен бірдей. Егер адам тұмаумен ауырып, одан кейін вирус жұқтырса, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Сондықтан тұмауға қарсы егілудің ешқандай зияны жоқ.

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының» дәрігер-эпидемиологі, сарапшы Лена Қасабекованың айтуынша, зерттеулер кезінде тұмауға қарсы екпе коронавирусқа қарсы иммунитетті төмендетпейтіні анықталған.

1-14 ақпан аралығында елімізде  16 801 медицина қызметкері екпе алды.

Вакциналау барлық өңірлерде жүріп жатыр. 778 егу пункттері әзірленген, оның 166-сы жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ 9 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациялау бойынша оқытылды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button