Жаңалықтар

«Жалпыға бірдей декларациялау»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы  2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121–VI Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің «Жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру жылының 1 қаңтарында мынадай жеке тұлғалар болып табылатындар тапсырады:

 

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттелген тұлғалар.

Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.Одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, яғни 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) толтырылады.

Декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіштетапсырған жағдайда декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрдетапсырған жағдайда декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.

Декларацияны тапсыру мерзімдері келесі декларация тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.:

  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
  • мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайы (зайыбы);
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болғысы келетін тұлғалар.

Сайланбалы лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін декларация тапсырады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шыққанға дейін декларацияны ұсынады. Мәліметтер декларация тапсырылатынайдың бірінші күніне көрсетіледі.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болуға тілек білдірген тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге дейінАктивтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы (250.00-нысан) мәліметтер осы декларация тапсыратын айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған:

  • құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік:
  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері;
  • көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
  • барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;

2)Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда,

олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады);

  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
  • республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт немесе өзге де құжат болған кездежеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.00-нысан) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) қосымшалары салық органдарының салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын ақпараттың егжей-тегжейлі көрсетілуіне арналған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну бойынша міндет жүктелген тұлғалар Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация(250.00-нысан)мынадай түрлерге бөлінеді:

  • бастапқы– осындай декларацияны тапсыруміндеттемесінің алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға ұсынатын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
  • кезекті – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлға Активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны осындай жеке тұлға тапсырғаннан кейін ұсынатын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
  • қосымша – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған жеке тұлғаның Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
  • хабарлама бойынша қосымша – салық органы жеке тұлғаның Активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықтаған, бұрын ұсынылған Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация.

Салық төлеуші (салық агенті) осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау арқылы салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

Қосымша салық есептілігінде тиісті жолдар бойынша:

1) бұрын табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген сомалар мен салық кезеңі үшін нақты салық міндеттемесі арасындағы айырма  сомалар өзгерген кезде;

2) жаңа мән – қалған деректер өзгерген кезде.

Тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді:

  • тексерілетін салық кезеңінің – салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түрлері, әлеуметтік төлемдер бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) кезеңінде;
  • салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түрлері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңіндегі шағым жасалатын салық кезеңінің;
  • жеке тұлғалардың декларацияларында басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегін (дебиторлық берешегін) және жеке тұлғаның жеке тұлғамен туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешегін) көрсету бөлігінде:

– жеке тұлғаның декларациясын ұсыну жөніндегі міндеттеме, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектер туындаған жылдың басына дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша;

– дебитор немесе кредитор болып табылатын жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы немесе кезекті декларацияда көрсетілген;

2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы бірінші ұсынылған декларацияда жолда декларацияның түрі бастапқы деп көрсетілуі қажет.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырғаннан кейін есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) табыс етіледі.

Демек, бірінші кезеңде 2022 жылдан бастап Активтері мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.

Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың кірістер мен мүлік туралы ақпаратты:

  • күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған кірістер;
  • салықтық шегерімдер;
  • мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
  • жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі, оның ішінде Салық кодексінің 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда жеке тұлғаның банктік мекемелердің Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді ұсынуына келісімін көрсете отырып, талап қою негізінде жүзеге асырылады.

5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;

6) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлкі:

– немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын не құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің      құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлікке;

– эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс тіркелген бағалы қағаздарда;

–Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, жеке тұлғаның жеке тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің) нотариат куәландырған міндеттемелерінің немесе талаптарының туындауына негіз болып табылатын өзге де құжаттың болуы кезінде.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның қосымшалары салық органдарының салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну бойынша міндет жүктелген адамдар Кірістері мен мүлкі туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:

  • мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті;
  • мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар;
  • инвестициялық алтын;
  • туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы егжей-тегжейлі декларацияға қосымшада көрсетіледі.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

2) электронды түрде тапсырған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

Егердедекларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жеке тұлғаның зайыбы немесе жұбайы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылса,Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны, Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны орналасқан жері бойынша ұқсас мерзімдерде ұсынады.

Мынандай жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі болған кезде салық нысандары салық органдарынатапсырылмаған деп есептеледі:

1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмейді;

2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі салық нысанында көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

4) салық нысанында салық кезеңі көрсетілмесе;

5) активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасалатын күн салық нысанында көрсетілмеген;

6) салық нысанында салық есептілігінің түрі көрсетілмесе;

7) салық есептілігіне өз атауы бар қол қойылмаған және (немесе) мөрмен расталмаған;

8) салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі пішімді-логикалық бақылауды қабылдамаған кезде салықтық есептілікті «өңдеуден бас тарту» өңдеу мәртебесіне ие болады;

9) салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін табыс ету тәсіліне қатысты талаптар бұзылған жағдайларда жүргізіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация, сондай-ақ Кірістер мен мүлік туралы декларация қағаз жеткізгіште мемлекеттік кіріс органдарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) келу тәртібімен ұсынылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар аталған жеке тұлғалар жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының негізінде, сондай-ақ енгізу туралы Заңның 33-бабында жазылған редакцияда қолданыстағы Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (230.00-нысан) ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының нормасы 2020 жылғы 31 желтоқсанғадейін қолданылады.

Осылайша жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға байланысты Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00-нысан) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

Сонымен бірге Салық кодексінің 356-бабының 1-тармағында енгізу туралы Заңның редакциясында жеке табыс салығын (бұдан әрі-ЖТС) есептеу мен бюджетке төлеуді жеке тұлға Салық кодексінің 363-бабының 1-тармағына сәйкес ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ету жолымен салық кодексінің 321-бабында көрсетілген табыстар бойынша дербес жүзеге асырады деп көзделген.

Демек ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан), оның ішінде мүліктік кіріс, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғаларда табыс ету бойынша міндеттемелер туындайды.

Жеке тұлға дербес салық салуға жататын табысты алған жағдайда, мұндай жеке тұлғада ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) ұсыну бойынша міндеттемелер туындайды.

ЖТС бойынша декларация (240.00-нысан) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына 10% мөлшерлемеқолданыла отырып,есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың31 наурызынан кешіктірілмей және декларация табыс ету мерзімінен кейін 10 күннен кешіктірілмей мерзімі бойынша ЖТС төлеу ұсынылады.

Жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері жөніндегі байланыс орталығы іске қосылды.

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан алуға болады. kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде.

Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы:Telegram канал«Всеобщее декларирование РК», Instagram-дағы «Universal_declaration_kz», Facebook-те «Всеобщее декларирование РК» парақшаларында жүзеге асырылуда7

Қажет болған жағдайда мемлекеттік органға жеке түсіндірулер ZOOM бағдарламасы арқылы түсіндіруді ұсынуға дайын.

Қосымша: слайдтар

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button