Жастар

Жастар бауырсақ таратты

Акция

Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің жас ұстаздары мен оқушыларынан құрылған «Қоғамға қызмет»  еріктілер тобы «Жұмадағы жақсылық» атты акция өткізді.

Бұл — қайырымды істердің бастамасы.  Еріктілер тобы жұма күні «Бауырсақ fest» деген атаумен аудан тұрғындарына бауырсақ таратты.  Олар көшеде қар тазалап, мұз ойып жүрген жұмысшыларға өздері дайындаған тағамын ұсынды. Қарт ата-әжейлердің үйіне барды. Жастардың ұлттық тағамды дәріптеп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырғаны үшін үлкендер алғыс айтып, батасын берді.

— Тобымызда 9 жас мұғалім мен 30 оқушы бар. Оларға арнайы куәлік берілген. Аты айтып тұрғандай, біздер қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға үн қосып, аудан халқына әрдайым қызмет етеміз. Осыдан кейін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын орынға барып арнайы кездеспекпіз. Мұндай акциялар жалғаса береді. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне гуманитарлық қолдау көрсететін боламыз, — дейді еріктілер тобының төрағасы Әбділда Сағынов.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button