Спорт

Ақтөбелік Бексұлтан — Еуропа құрлықтық кубогінің иесі

Ақтөбелік шаңғышы Бексұлтан Ернұр Шығыс Еуропа құрлықтық кубогін жеңіп алды. Алматы қаласында өткен дүбірлі доданың екінші күнінде де жерлесіміз 20 шақырымға еркін стильде жарысып, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Жарыстың алғашқы күнінде Бексұлтан 15 шақырым бойынша классикалық стильде чемпион болып, қарсыластарынан озып шыққан еді. Бұл — ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік көрсеткіші.
Шығыс Еуропа құрлықтық кубогі Алматы қаласында ұйымдастырылды. Оған еліміздің облыстары мен Ресей, Қырғызстан, Марокко елдерінен 100-ден астам спортшы қатысты. Ересектер және жастар арасындағы Шығыс Еуропа құрлықтық кубогында Ақтөбенің намысын үш спортшы қорғады.

Айта кетейік, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бексұлтан аталған спорт түрімен 8 жылдан бері айналысып келеді. Жасөспірімдер арасында өткен Азия, Қазақстан чемпионаттарында бақ сынаған.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button