Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

15.02.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы»

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.

2021 жылдың 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халықденсаулығыжәнеденсаулықсақтаужүйесітуралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25желтоқсанындағы№67, 2020 жылғы25желтоқсанындағы№68, 2021 жылдың 04 ақпанындағы №5қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылдың 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1.1 тармағының 7) тармақшасыалынып тасталсын;

         2)1.2. тармағының 1)тармақшасы келесі абзацпен толықтырылсын:

«СОО мұз айдындарының қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып рұқсат етілсін.»;

3) 1.2. тармағының 31)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы талаптар сақталған кезде мешіттерде толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге; қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде,  ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілсін.»;

4) 1.2. тармағының 33)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын және толықтырылуы 50% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың қызметіне рұқсат етілсін.»;

5) 4 тармақ мынандай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46 қосымшасындағы талаптар сақталған кезде  білім  беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне  рұқсат етілсін.».

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

2.1.БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2.2.Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлері тиісті аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігеріН.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button