Әлеумет

Шекара шындығы

Сейсенбіде ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің біздің қаламыздағы №6655 әскери бөлімінде митинг өтті.

Сап құраған сарбаздар жасағы тік тұрып, 1995 жылдың күзінде тәжік-ауған шекарасында Пшехвар шатқалы тұсында жүк тасымалдау кезінде моджехедтердің оқ атуынан басталған қақтығыстарға ТМД елдері күзет қойған болатын. Сол жылдары әскер борышын өтеуге барған сарбаздардың көпшілігі осы оқиғаға қатысқан еді.

Аталған қақтығыстың куәгері – бөлім командирі Айдос Садыров сол оқиғаға қатысқан қазақстандықтардың 17-сі қайтыс болғанын, 33-і түрлі жарақат алғанын айтса, арнайы дайындық жөнінде рота командирінің орынбасары, прапорщик Сергей Гафаров сол майданға сарбаз ретінде қатысқандығын әңгімеледі. Локальды соғыс жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гумер Галеев өз кезегінде былтыр Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында тәжік-ауған соғысына қатысқандарға арналған ескерткіш ашылғанын, біздің елдің де жыл сайын 7 сәуірде осылайша еске алу митингісін ұйымдастыратынын айтты. Ал әскери бөлімнің ардагері Сәлімгерей Қалымов ТМД елдерінің ішкі әскер сарбаздарын тартқан оқиғаның ұрыс трагедиясы екенін айтып, ендігі жерде бейбіт күн болуын тіледі.

Бұдан соң №6655 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар өлеңдер оқыды.

Митингіге қатысушылар аталған соғыста қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алды, обелискіге гүл шоқтарын қойып, дүркін-дүркін оқ атты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button