Жаңалықтар

Құрметті Ақтөбе қаласы Алматы ауданының тұрғындары!

Мемлекет басшысының бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты ММ-де «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру басталады.

Жоба мақсаты — шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту.

Аталған жоба ауданның әрбір тұрғынына ауданды дамыту үшін өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде әрбір тұрғын аудан тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаны ұсына алады.

Ұсыныстардың талаптарға сәйкестігі қаралғаннан кейін жобаға аудан тұрғындары дауыс береді, егер ол барынша көп дауыс жинаса, әкім аппараты оны іске асырады.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкім аппараты арқылы іске асырады:

– аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды жайластыру, салу және жөндеу;

– жалпы пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру — (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

– бордюрлерді, брусчаткаларды, тіреу қабырғаларын жөндеу;

– жиналған қоқыс  үйінділерін жоюға;

– спорт алаңдарын (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында балалардың ойын аймақтарын орнату, жөндеу және жарықтандыру  жұмыстары.

Жобалық  ұсыныстар келесі талаптарға сай болуы керек:

1) жалпы пайдалану объектісі;

2) тиісті аумақ тұрғындары үшін өзектілігі.

Бұл ретте бір қаржылық жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Жобалық ұсыныстар Алматы ауданы әкімі аппаратының сайты арқылы беріледі www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty?lang=kz

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 20 ақпаннан бастап 10 наурыз аралығында жүргізіледі.

Жобалық ұсыныстың кезеңдері, үлгісі туралы қосымша ақпарат алу, сондай-ақ сараптамалық кеңестің құрамымен және оның қызмет тәртібімен www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty?lang=kz сайтынан таныса аласыз.

 

Байланыс деректері: Ақтөбе қаласы Қарғалы т/а Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, 20 Б.

8 (7132) 41-73-91.

Барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button