Басты жаңалықтарӘкімдер есебі

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Пандемияға қарамастан, экономика өсімінің қарқынын сақтай алдық

Бүгін, 10 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Есеп беру​ кезінде өңірдің 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі баяндалып, биылғы жылдың міндеттері белгіленді. Шектеу шараларына байланысты кездесу онлайн түрде өтті.​

Оңдасын Оразалин пандемияның өңір экономикасына әсерін тигізгенін атап өтті.
«Экономиканың күрт төмендеуіне жол бермейтін және​ оны кейін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды. Жыл соңына қарай жағдайды тұрақтандыра алдық. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады: өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар 1,8 трлн. теңгеге өнім өндіріп, өңдеуші сектор өндірісінің көлемі 103,9%-ға дейін өскені байқалады»,-деп атап өтті облыс әкімі.
Басым бағыттардың бірі инвестиция тарту болып табылады. Былтыр 646,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім соның ішінде 138,3 млрд. теңгеге 23 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етілген.

Биыл облыс басшылығы алдарына 800 млрд теңге тарту міндетін қойып отыр: мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттың, диализатор шығаратын кәсіпорынның, мобильді бұрғылау қондырғыларының және т.б. құрылысы жоспарлануда. Бұл жобалардың тек экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық және әлеуметтік жағынан да маңызы бар. «ЭкоТехПрогресс» ЖШС –нің «Мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттың құрылысы» жобасы жүзеге асырылса жылына 500 мың тоннаға дейін мұнай қалдығын кәдеге жаратуға және өңдеуге мүмкіндік береді. «Global Service Company XXI» ЖШС-нің диализатор шығару бойынша жобасы ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ медицина өнеркәсібі саласындағы мүлдем жаңа кәсіпорынның құрылуына ықпал етеді.
Инвестиция ағынын көбейту мақсатында «GOSB» түрік инвесторымен бірге индустриалды аймақ жасау жұмыстары жүргізілуде. Ірі жобаны жүзеге асыру жақын жылдары қосымша​ 500 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуға, кемінде 15 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнес саласында да оң нәтижелерге қол жетті: жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 61,8 мың бірлікке жетті, 154,7 мың адам ШОБ-пен айналысып отыр, 782,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 600 ШОБ субъектісі, «Еңбек» бағдарламасымен 4,7 млрд. теңгеге 953​ жоба мемлекеттік қолдау алды.
Ақтөбе облысы «Қарапайым заттар» экономикасы бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалардың саны жағынан Қазақстандағы көш басында тұрған бестіктердің қатарында: 2020 жылы 38,9 млрд. теңгеге 122 жоба мақұлданған.


Басқа жаңалықтар

Back to top button