Жаңалықтар

Ынтымақтастық келісімге қол қойылды

Шарм-эш-Шейх қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы аясында Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарек Әл-Уасими мен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Лама Шарифтің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласына инвестиция тарту бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Шарм-эш-Шейх қаласында Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халид Фауд пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың жұмыс барысымен өзара кездесуі өтті. Онда сауда-саттық саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара келісімге келді. Халид Фауд келісімге қол қою арқылы Оңтүстік Синай провинциясы мен Ақтөбе облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Губернатор сәлемдеме белгісі ретінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Лиге Шарм-эш-Шейх қаласының «кілтін» табыстады.

Айта кету керек, өткен аптада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаров, ҚР Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Лама Шариф, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары С.Ли бастаған қазақстандық делегация Мысыр еліне барған болатын.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button