Білім

Олимпиада басталды

Кеше  дәстүрлі жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІ аудандық /қалалық/ кезеңі басталды.

Облыс бойынша  білім бәйгесіне жалпы 5601 оқушы қатысады.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, биылғы білім додасын ұйымдастырудың  өзгешеліктері бар. Бұған дейін бір күнде өткізілетін олимпиада биыл пандемияға байланысты 5 күнге созылады.

Пандемияға және эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылардың республикалық пәндік  олимпиадасының ІІ аудандық /қалалық кезеңі/   12 ақпанға дейін жалғасады. Шара офлайн түрінде өткізіліп жатыр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен рұқсат алынды. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Олимпиаданың бұл кезеңі  1 турдан тұрады, — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Жарыстың алғашқы күні математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өткізілді. Онда 1691 оқушы қатысып, бақ сынады.

Олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық ұйымдардың, «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың, сондай-ақ ата-аналар, қоғамдық кеңес өкілдері, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып жатыр.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы олимпиаданың талапқа сай өткізілу барысын ZOOM платформасы арқылы бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалауда.

Үздік нәтиже көрсеткендер жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button