Ауыл

Үшқұдықта «NUR» балабақшасы ашылды

Қуаныш

Алға ауданының Үшқұдық ауылында «NUR» балабақшасы ашылды. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің негізінде салынған ғимарат 60 балаға арналған.  Құны — 50 миллион теңге.

Балабақшаның ашылуында аудан әкімі Мамырғали Аққағазов тұрғындарды құттықтады.

— Бала — біздің болашағымыз. Бүгін міне, жаңа ғимарат ашылып, қуанышымызда шек жоқ. Бұл жерде балалар еркін демалып, тәлім-тәрбие алады. Жаңа ғимаратта балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған, — деді аудан әкімі.

Облыстық білім басқармасының жалпы білім беру бөлімінің басшысы Гүлназ Мырзағалиева да өз лебізін білдірді. Ауыл ақсақалы Қуаныш Мұқашев жиналғандарға  батасын берді. Ал балабақшаны салған жеке кәсіпкер Айнагүл Бөдесова ғимаратты салуға көмектескен ауыл тұрғындарына алғысын айтты.

Балабақшада  балалардың тәрбие алуы үшін  барлық мүмкіндік жасалған. Ән айтып, би билейтін, сурет салатын бөлмелер бар. Балалардың білімін жетілдіріп, зияткерлік қабілетін  арттыратын жабдықтар да түгел. Ауыл тұрғындары ғимаратты аралап көрді. Ризашылықтарын білдірді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button