Жаңалықтар

Тасқынға тосқауыл бар

Брифинг

Күрт еритін көктемгі судың тасқынына қалмас үшін қазірден бастап дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қыс ортасы болса да ауа райының жылымық тартуы алда көктем жақындап келе жатқанын білдіріп тұр. Дайындық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. Тасқынға тосқауыл болу үшін 100-ден астам ассенизатор, 20-дан астам арнайы техника және 5 арнайы сусорғыш дайындалды. Сонымен қатар 4000 тонна инертті материалдар (құм, саз және т.б.) әзірленді.

Бұл бағыттағы басты жұмыстардың бірі — қала аумағынан қарды күнделікті шығару. Оған қала бойынша 7 мердігерлік ұйым жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін қардан тазартуға 160-тан астам техника жұмылдырылған, — дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жаңабергенов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қала аумағынан арнайы бөлінген полигондарға 122000 текше метр қар шығарылған. Қалалық төтенше жағдай басқармасы ақпан айының соңына қарай нөсер және су өткізу каналдарын тазартуға кіріспек.

Сонымен қатар күн сайын кезекшілікке азаматтық қорғау органдарының 63 қызметкері және жоғары өтімді 18 техника түсетін болады.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button