Құқық

Құқық қорғаудың бір қадамы

Прокуратура

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қылмыстық қудалауды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуді басты міндет ретінде белгілеп, прокуратура органдары алдына бірқатар міндеттер жүктеді.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты өткен жылдың 1 қазанынан бастап пилоттық жоба қолға алынып, жүзеге асырылды. Осыған байланысты Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген тиісті өзгертулер ағымдағы жыл басынан бері күшіне еніп, қолданысқа кірді.

Белгіленген тапсырманы жүзеге асыруға ең алдымен қылмыстық қудалау органы мен қадағалаушы органның арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы қол жеткізілді.

Таяуда аталған мәселеге қатысты Ақтөбе көлік прокуратурасында қылмыстық қудалау органдары басшылық құрамының қатысуымен ведомоствоаралық мәжіліс өткізілді. Онда салада қалыптасқан түрлі проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Мәжіліс қорытындысында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.

Н.ӘБДІЛДАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button