МәдениетРухани жаңғыру

«Асау-Барақ» дастаны жырланды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өнер орталығының концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы  облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері «Асау-Барақ» дастанын жырлады.

Аталған кешке ҚР мәдениет қайраткері Перуза Нарман, республикалық байқаулардың жүлдегерлері – Нұрлан Әбдібеков, Әділет Күзенбаев, Динара Шынарбаева, Ғазиза Әбдіровалар қатысты.

Кеш шымылдығы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылхановтың орындауындағы  «Асау-Барақ» күйімен басталды.

Бұдан кейін жыршылар «Асау-Барақ» дастанын жырлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, бұған дейін жергілікті жыршылар филармония директоры Елубай Кенжалиевтің идеясымен Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанын жырлаған болатын. Алдағы уақытта жыршылар көрермендер назарына «Қобыланды батыр» жырын ұсынбақ.

Д.ҚАЗИХАН. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button