Басты жаңалықтарӘкімдер есебі

Облыс әкімі О.С.ОРАЗАЛИННІҢ 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер!

Қалыптасқан дәстүр бойынша әдеттегідей жыл бойы жасалған жұмыстар жайлы қорытынды есебімнің тезистерін алдын ала жариялап отырмын. Өткен жылдың салған салмағы бәрімізге де оңай тимеді. Індеттің салдарынан көптеген жоспарымызды кейінге шегеріп, оның зардабымен күресуге бар күшімізді жұмсадық. Бірқатар шектеулер мен тыйымдар экономикамызға да кері әсерін тигізді. Көптеген мекемелер жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан тұрғындарымыздың табыс көзі азайды. Әлемдік нарықта мұнайдың, түсті металдардың бағасы түсті. Оның кері әсері тек ірі компанияларға ғана емес, олардың айналасында қызмет көрсетіп жүрген шағын мекемелерге, жеке кәсіпкерлерге де тиді. Бюджетіміздің кіріс бөлігі жыл басында жоспарлаған межеден кем шықты. Дегенмен осындай қиындықтарға қарамастан, сын сағатта өңірдегі жағдай тұрақты. Жауапты қызметкерлер уақытпен санаспай, пандемия кезінде күні-түні тынбай еңбек етті. Туындаған мәселелерді уақтылы зерделеп, зерттедік. Шұғыл әрекет жасадық, ушықтырмадық. Жоспарымызға да едәуір өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Қайткенде де індеттен келген зардаптың тұрғындарымыз үшін салмағын едәуір азайтуға тырыстық. Барлық жұмысты талапқа сай, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтап атқардық.

Осы тұста тағы да естеріңізге сала кеткім келеді: сын сағатта ешкім де бізге сырттан келіп жанашырлық танытып, жәрдем берген жоқ. Біз де бекер үміттеніп, ешкімге жалтақтамадық. Жауапкершілікті мойнымызға алып, кей жерде тәуекелге де бардық. Өйткені тұрғындарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі біз үшін әрдайым басты назарда тұрады. Қолдан келгенге аянып қалған жоқпыз. Енді толық сеніммен айта аламыз: ел-халықтың береке-бірлігінің арқасында біз бұл сыннан да сүрінбей өттік. Басымыз аман, бауырымыз бүтін. Көрер жарығымыз, ішер суымыз таусылмаған. Дегенмен бізден де күшті құдіретті мойындауымыз керек. Тағдырдың жазуымен бірқатар жақындарымыздан айырылдық. Орны толмас өкініш — сол. Жаратушы оларды өз панасына алсын, жандары жәннатта болсын.

Бүгін өткенді саралай келе, атқарылған істер мен жасалған жұмыстардың нәтижесін өздеріңіздің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Биылғы жылы есебіміз әлемді жайлаған індетке байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында онлайн режимде тікелей эфирде телеарна және әлеуметтік желілер арқылы өткізіледі. Сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды әдеттегідей алдын ала жарияланған мекенжайларда орналасқан  жәшіктерге салып жолдауларыңызға болады. Сондай-ақ тікелей эфир барысында да сұрақтарыңызға жауап алу мүмкіндігі қарастырылған.

2020 ЖЫЛЫ ӨТКЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың 36,7 мың тұрғынының қатысуымен барлық деңгейдегі әкімдердің 523 есеп беру кездесуі өткізілді. Сонымен қатар 25 мыңнан астам адамның қатысуымен 102 онлайн-байланыстар өткізілді.

Кездесу барысында 1 019 сұрақ келіп түсті, оның 824-і сол жерде шешіліп, түсініктемелер берілді.

Қалған 195 сұрақтың 30-ы облыс әкімінің іс-шаралар жоспарына, 165-і аудан және қала әкімдерінің іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Жалпы, бүгінгі таңда 110 сұрақ шешімін тапты (56,4%). Қалған 85 мәселе қаралу үстінде.

Облыс әкімінің жоспарына енген 30 мәселенің 29-ының қаржыландыру мәселесі толық шешілді, 1 жоба бойынша мәселе мемлекеттік органдармен пысықталуда.

*** Анықтама үшін: мысалы, Ақтөбе қаласындағы К.Нокин тұрғындар алабындағы Мәдениет үйін жаңарту жұмыстары аяқталды, Ақжар ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені мен Хромтау ауданының Абай ауылында көпір пайдалануға берілді, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы Өрлеу және Абай көшелерінің, Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылындағы Қ.Жазықов және С.Ешбаев көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Әйтеке би ауданының Ақтасты ауылында су құбыры желілерінің, Байғанин ауданының Кемерши ауылындағы кентішілік газ құбырының, Ойыл ауданының Қаракемер ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Қарғалы ауданының Бадамша ауылындағы Қ.Сәтбаев және В.Пацаев көшелеріне жарықтандыру жүргізілді, Мәртөк ауданының Жайсаң ауылындағы дәрігерлік-амбулаторлық пункт пайдалануға берілді, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы 8 пәтерлі үш тұрғын үй пайдалануға берілді, «Рауан-2» тұрғын үй массивінде ИКИ (газ, электр энергиясы) құрылысына ЖСҚ әзірленді және т.б.

ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ

Облыс әкімдігі өз қызметін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес жүзеге асырады.

Бұл ретте өткен жылы коронавирус инфекциясымен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс әкімі 93-тен астам елді мекенді аралап, жалпы саны 55-тен астам жұмыс сапарымен аудандарға барды.

Сонымен қатар облыс тұрғындары жеке қабылдауда өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды, бір жыл ішінде 174 адам (карантинге байланысты 2019 жылға қарағанда 29%-ға аз) қабылдауға кірді, 4 мыңға жуық азаматтың өтініші қаралды.

Барлық аудан әкімдері, басқарма басшыларының әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар, онда азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беріледі, олар тікелей эфирлерге, сондай-ақ онлайн режиміндегі телебағдарламаларға үнемі қатысады.

Облыс халқын толғандыратын ең өзекті мәселелер бойынша 2020 жылы 242 баспасөз конференциясы, брифинг және тікелей эфир өткізілді, 3 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен хабарламалар, сондай-ақ постерлер таратылды.

Сондай-ақ өткен жылы барлық аудандарда «OPEN SPACE» кабинеттері халықпен тікелей кедергісіз диалог орнату үшін ашылды.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2020 жылы коронавирус пандемиясы бүкіләлемдік экономикаға теріс әсер етті, бұл аймақтың экономикалық дамуына да ықпалын тигізді.

Біз облыс экономикасының күрт құлдырауына жол бермеуге және оны кейіннен қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдадық.

Жылдың соңына қарай біз ахуалды тұрақтандыруға қол жеткіздік, экономикалық өсімнің біртіндеп қалпына келуі байқалуда.

Мәселен, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң серпін байқалады (өнеркәсіп – 103%, ауыл шаруашылығы – 106,7%, инвестициялар – 106,6%, құрылыс – 105,9%, бөлшек сауда – 100,5%), неғұрлым зардап шеккен салаларды қоспағанда (көтерме сауда – 96,3% және көлік – 79,9%).

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Мәселен, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары 1,8 трлн теңгенің өнімін өндірді.

Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, өнеркәсіптің өсуі 3%-ды құрады, бұл ретте 103,9%-ды құраған өңдеуші сектор өндірісі көлемінің ұлғаюы байқалды.

Сонымен қатар соңғы 3 жылда өнеркәсіпте өңдеу үлесі 32-ден 34,5%-ға дейін өсті. Бұл облыс шикізатқа тәуелділіктен бірте-бірте арылып келе жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ғана қызметі экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан облыс әкімдігі жұмысының басты басымдықтарының бірі инвестиция тарту болып табылады.

Мәселен, 2020 жылы өңірге 646,8 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылға қарағанда 6,6%-ға артық.

Өсім 138,3 млрд теңге көлеміндегі 23 ірі инвестициялық жобаны іске асыру және 1200-ден астам жұмыс орнын құру есебінен қамтамасыз етілді.

*** Анықтама үшін: мысалы, «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі; «Green Capital Kazakhstan» ЖШС бесінші буынды жылыжайының екінші кезеңі; «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мыс-мырыш кенін өңдеу үшін байыту фабрикасын жаңғырту, «Aktobe Smart Tech» ЖШС деректерді өңдеу орталығы.

Осы жылы одан да көп инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз – 800 млрд теңгеден астам.

«ЭкоТехПрогресс» ЖШС мұнай қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу; «Global Service Company XXI» ЖШС диализаторлар өндірісі; «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған, Қарғалы ауданында «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясының екінші кезеңі іске асырылуда.

Бұл жобалардың біздің өңір үшін экономикалық қана емес, сонымен қатар үлкен экологиялық және әлеуметтік маңызы бар, мысалы, «Мұнай қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру жылына 500 мың тоннаға дейін мұнай қалдықтарын кәдеге жаратуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Диализаторлар өндірісі жөніндегі жоба ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ медицина өнеркәсібі саласында мүлдем жаңа кәсіпорын құруға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ өңірге инвестициялар ағынын арттыру мақсатында «GOSB» түрік инвесторымен бірлесіп индустриялық аймақ құру жоспарлануда.

Индустриялық аймақты құру үшін ҚР Үкіметі мен Ақтөбе облысының әкімдігі ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда, индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына кең өкілеттіктер беру.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің мақұлдауына ие болып, ҚР Парламенті Сенатына жолданды.

Осы жобаны іске асыру таяу жылдары қосымша 500 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға, кемінде 15 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оны басқару және инвесторларды тарту «бір терезе» әдістерін қолдана отырып, үздік әлемдік практикалар бойынша жүзеге асырылатын болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Ауыл шаруашылығы — өңірді дамыту үшін аса маңызды сала, біздің экономикамыздың басым бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығының дамуы облыстың әлеуетін, қиын кезеңдерде өз-өзін өнімдермен қамту деңгейін едәуір арттырады.

Жергілікті тауар өндірушілер есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түрі бойынша қосымша резерв құрылды. Бұл мақсатқа облыс әкімдігінің резервінен 300 млн теңге бөлінді.

Бұл ретте бүгінгі күні біздің облыс өзін 32 азық-түлік тауарларының 24 түрімен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ «Алаңнан сөреге дейін» қағидаты бойынша «Ақтөбе» ӘКК АҚ тетіктері арқылы облыстың шаруа қожалықтарының бөлшек сауда нарығына делдалсыз тікелей қол жеткізуі мақсатында «Табыс Агро» 4 сауда павильоны және «Халық сауда» шағын көтерме орталығының 13 сауда орны ашылды.

Бұдан басқа облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруаларын қолдау аясында 2020 жылы әртүрлі субсидия түрлеріне 20,4 млрд теңге бөлінді және игерілді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы 47,8 млрд теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді.

Нәтижесінде 2020 жылы ауыл шаруашылығының өсімі 6,7% деңгейінде байқалды, өндірілген өнім көлемі 324,7 млрд теңгені құрады.

Өсімдік шаруашылығы саласында 762,7 мың тонна өнім өндірілді (дәнді дақылдар — 513,8, майлы дақылдар — 35,4, картоп-көкөністер 213,5 мың тонна), бұл 2019 жылғы деңгейден 24,6%-ға артық (612 мың тонна).

Мал шаруашылығы саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді: ірі қара мал басы — 7,7%-ға немесе 531,4 мыңға, жылқы — 23,4%-ға (178,1 мың бас), қой 2,4%-ға (1 153,4 мың бас) артты.

Ет өндірісі — 4,7%-ға, сүт өндірісі 2,3%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы 10,6 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды, осылайша суармалы жерлердің жалпы ауданы 40,8 мың га жетті.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін аумағы 1 125,1 мың га 646 жер учаскесі берілді, оның ішінде егістік — 57,6 мың га. Мемлекетке жалпы ауданы 387,1 мың га 394 жер учаскесі, оның ішінде егістік 62,7 мың га қайтарылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс алдағы жылдары одан әрі күшейтілетін болады, 2021 жылы біздің алдымызға бірқатар міндеттер қойылды:

– жалпы өнім көлемін 5%-ға ұлғайту;

– өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемін 5%-ға ұлғайту;

– еңбек өнімділігін 5%-ға арттыру.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Өткен жыл кәсіпкерлік және туризм сияқты салалар үшін үлкен сынақ болды. Алайда пандемияға қарамастан, шағын және орта бизнес  саласында мынадай оң нәтижелерге қол жеткізілді:

— 2020 жылы жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4,5 пайызға артты және 61,8 мың бірлікке жетті;

— ШОБ саласында халықты жұмыспен қамту көрсеткіші 5,2 пайызға немесе 154,7 мың адамға дейін ұлғайды (2020 жылғы 9 айдағы деректер);

782,5 млрд теңгеге өнім шығарылды (өсім — 8,4%; 2020 жылдың 9 айындағы деректер).

Жыл бойы бизнесті дамыту үшін жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 3,1 млрд теңге бөлінді (2019 жылы — 2,4 млрд теңге), 600 ШОБ субъектісі мемлекеттік қолдау алды, бұл 2019 жылға қарағанда 40 пайызға артық.

Сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында 2020 жылы 4,7 млрд теңгеге 953 жобаға қолдау көрсетілді, оның 80 пайыздан астамы ауылда іске асырылды (3,7 млрд теңге).

Бизнес үшін ең пайдалы қолдаулардың бірі — «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Бұл бағдарлама облыста жоғары дегейде іске асырылуда.

Осылайша бағдарлама шеңберінде мақұлданған жобалар саны бойынша облыс республикада көшбасшылар бестігіне кіреді. 2020 жылы 38,9 млрд теңгеге 122 жоба мақұлданды, бұл 2019 жылға қарағанда 47 пайызға артық.

Әрине, бизнесті құру және дамыту үшін жақсы база қажет. Сондықтан бизнес негіздеріне оқыту — маңызды мәселе. 2020 жылы 1,4 мыңнан астам адам оқытылды, олардың 159-ы несие алды, 847-сі жаңа бизнес-идеялары бойынша грант иегері атанды.

Табысты жұмыстың тағы бір көрсеткіші — ҚР Есеп комитеті өткізген бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі шеңберінде Ақтөбе облысы республикада 11-орыннан 5-орынға көтеріліп, рейтингте 6 позицияға ілгері жылжыды.

Облыстың туристік объектілерін ілгерілету мақсатында 2020 жылы жергілікті туроператорлармен бірлесіп, өңірдің туристік бағыттарын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Блогерлер, БАҚ өкілдері мен белсенділердің қатысуымен облыстың барлық аудандарына ақпараттық турлар ұйымдастырылды (қамту — 800 мың адамдық аудиториясымен 25 блогер). Турлар эко, этно, сауықтыру және өнеркәсіптік туризм элементтері негізінде ұсынылған.

Облыстың туристік объектілерін цифрландыру мақсатында виртуалды турларды құруды visitaktobe.kz сайтында, Google картографиялық жүйелері мен яндекс карталарында одан әрі орналастыру үшін жұмыстар жалғасуда.

2020 жылы облыстың табиғи нысандары бойынша 8 виртуалды тур әзірленді.

*** Анықтама үшін: Ақтолағай бор таулары, Қарғалы су қоймасы, Жаманшың метеорит кратері, Ырғыз-Торғай резерваты, Барқын құмы, Орқаш қаумалы, Айдарлыаша геологиялық қимасы және мыңжылдық орман.

Соның бірі — Қарғалы су қоймасы Қазақстанның туристификация картасына енген топ-50 нысанның қатарына қосылған.

Сондай-ақ 2020 жылы Ақтөбе қаласында құны 3,5 млрд теңге болатын «IBIS» халықаралық қонақүй жүйесінің қонақүйі пайдалануға берілді.

2021 жылға арналған міндеттерге тоқталатын болсақ, жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілерінің санын 62 мың, экономикадағы ШОБ үлесін 21,4 пайызға дейін, жұмыс жасап тұрған субъектілерде жұмыспен қамтылғандар санын 155 мың адамға дейін ұлғайту көзделуде.

Туризм саласын дамыту шеңберінде қазіргі уақытта инвестор «Kargaly Resort» демалыс аймағының жобасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

*** Анықтама үшін: Демалыс аймағына экостильдегі қонақүйлер, тау
шаңғысы базасы, шипажайлар, ипподром, демалыс пен спорт үшін су-ойын-сауық түрлері (гольф, теннис, футбол, картинг және т.б.), балық және жылыжай шаруашылығы кіреді.

Өңірдің туристік объектілерін (Ақтолағай, Барқын, Орқаш құмдары) насихаттау және танымалдылығын арттыру мақсатында жергілікті турфирмаларды тарта отырып, ақпараттық турлар ұйымдастырылады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Өткен жыл кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұруға, карантиндік шек-
теулерге және т.б. байланысты азаматтардың кірістерінің төмендеу қаупін тудырды. Осыған байланысты азаматтардың табысын сақтау бойынша жұмыс жүргізілді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде іс жүзінде 520 мың адам 20 млрд теңге сомасына 42,5 және 21,5 мың теңгеден әлеуметтік төлем алды.

Сондай-ақ мәдениет және архивтер қызметкерлеріне 30 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлеріне 35 пайыз, спорт саласының қызметкерлеріне 30 пайыз қосымша ақы тағайындалды (жаттықтырушылар, оқытушылар).

Сонымен қатар 2020 жылы облыстың 900-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 10-нан 50 пайызға дейін арттырды, бұл 30 мыңға жуық ақтөбелікке қатысты болды.

Жалпы, облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 13,4 пайызға өсіп, 173,4 мың теңгеге жетті.

2021 жылы халықтың табысын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға ұлғайтылатын болады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2020 жылы денсаулық сақтау маңызды сала ретінде ерекше аталады.

COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен күш сынағына айналды.

Жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен кіші  мамандар МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, әрбір жүгінген адамға тегін тексеру жүргізіп, кеңес берді.

Жалпы, бір жыл ішінде коронавирус инфекциясымен күресу үшін 20 мыңға жуық қызметкер тартылып, оларға еңбектері үшін уақтылы 3,5 млрд теңге төленді.

Пандемия кезеңінде 375 маманға және олардың отбасыларына шамамен 850 млн теңге (коронавирус инфекциясымен немесе вирустық пневмониямен ауырған 363 медицина қызметкеріне — 2 млн теңге және вирустық пневмониядан қайтыс болған дәрігерлердің 12 отбасына 10 млн теңгеден) біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді.

Сонымен қатар инфекциямен күресуге және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға шамамен 5 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде медициналық техниканы сатып алуға 3,4 млрд теңге, дәрілік заттарды, жеке қорғаныш құралдары және өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын сатып алуға 1,3 млрд теңге бағытталды.

Медициналық мекемелерді жабдықтауға ерекше көңіл бөлінеді, оларда заманауи медициналық жабдықтар — томографтар, өкпені жасанды желдету және рентген аппараттары, қажетті көліктер бар.

*** Анықтама үшін: 12 заманауи компьютерлік томограф бар, оның 2-еуі ағымдағы жылдың тамыз айында сатып алынды; 13 стационарлық рентген аппараты орнатылды; 367 ӨЖЖ аппараты, 582 оттегі концентраторы, 787 Бобров аппараты және 461 оттегі жастығы бар.

Оның ішінде 41 санитарлық көлік, 6 мобильді медициналық автобус және «КамАЗ» базасында 2 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.

Жылжымалы кешендер қабылдау кабинеттерімен, рентген және флюорография аппараттармен, басқа да қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Ағымдағы жылы көктемде халыққа медициналық қызмет көрсету үшін автобустар мен жылжымалы кешендердің шалғай ауылдарға шығуы жоспарлануда.

Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар, дәріханалар мен қоймаларда 8 мыңнан астам термометр, 400 мыңға жуық қолғап және 1,3 млн бетперде бар.

*** Анықтама үшін: сондай-ақ 5 жергілікті кәсіпорын дезинфекциялық және антисептикалық құралдар өндірісін жолға қойды және тәулігіне осындай құралдардың шамамен 90 мың литрін өндіруге қабілетті. Сонымен қатар 2 кәсіпорын тәулігіне 100 мыңнан астам медициналық бетперде шығара алады, бұл облыс қажеттілігін артығымен жабады.

Жалпы, облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалады. Соңғы 3 жылда (халықтың өмір сүру ұзақтығы 73,45-тен 73,58 жасқа дейін артты, бала туу 3,1 пайызға өсті).

Өңірде медициналық мекемелер салу, қайта құру және жөндеу жұмыстары жалғасуда. Соңғы 3 жылда жалпы құны 17,2 млрд теңге болатын осындай 55 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғасады, 911 млн теңгеге 8 нысанның құрылысы қарастырылған.

АВТОЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Өкінішке қарай, біздің өңірде автомобиль жолдарының сапасы мәселесі әлі де өзекті. Осыған байланысты біз бұл бағыттағы жұмысты тұрақты негізде күшейтеміз.

Осылайша 2020 жылы жалпы сомасы 33,2 млрд теңгеге 606,6 км автомобиль жолы (223,3 км — облыстық және аудандық маңызы бар жол, 383,3 км — елді мекендердің көшесі) салынып, жөнделді. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі — қоғамдық көліктің талапқа сай жұмысы. Ақтөбе қаласында екі тасымалдаушы мекеменің жұмыс жасайтыны белгілі. Олар — «Автопарк» және «ПАТП» ЖШС-лары (52 маршрутқа қызмет көрсетіледі, 400-ден астам автобус жұмылдырылған).

Тасымалдаудың ыңғайлылығын арттыру, көлеңкелі экономиканы төмендету үшін электрондық билеттеуді енгізу өте маңызды.

Бүгінгі таңда «ПАТП» ЖШС жалпы иелігіндегі автобустардың 90 пайызына стационарлық валидатор орнатты, «Автопарк» ЖШС-да осы жұмысқа кіріседі.

Теміржол көлігінің қызметін жақсарту да шетте қалмайды.

2020 жылы жоспарланғандай, Ақтөбе-Шалқар әлеуметтік маңызы бар теміржол бағытын субсидиялауға 330 млн теңге бөлінді, бір жылда 140 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Әрине, 2020 жылғы пандемия көлік, әсіресе, әуе саласын айналып өте алмады.

Жалпы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларына отандық авиакомпаниялар арқылы  тұрақты рейстер жүзеге асырылады. Анталия (Түркия), Шарм-Эль-Шейх (Египет) қалаларына чартерлік авиатасымалдар орындалады.

Алайда 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты барлық халықаралық авиамаршруттар тоқтатылды. Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласынан халықаралық әуе қатынасы аптасына 1 рет тек Египитке (Шарм-Эль-Шейх) жүзеге асырылады.

*** Анықтама үшін: 2020 жылы тасымалданған жолаушылар саны 362 мың адамды құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 101 мың адамға немесе 21,8 пайызға азайды. Өңделген жүк көлемі 3 есеге артып, 14,6 мың тоннаны құрады.

Жаңа авиамаршруттарды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық авиакомпанияларымен жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар жолдардың сапасын жақсарту және көлік жүйесін дамыту мақсатында ағымдағы жылы келесі міндеттерді орындау жоспарлануда:

— облыстық маңызы бар Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолын қайта жаңарту;

— облыстық және аудандық маңызы бар 330 км автомобиль жолы жөнделсін, оның ішінде «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» (21,5-35,3 км учаскесі) және Ақтөбе-Орск (8-16 км учаскесі) автожолдарын қайта жаңарту аяқталсын;

— нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 66 пайызға дейін арттыру;

— Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру. Бұл мақсатқа шамамен 100 млн теңге қарастырылған;

— Ақтөбе-Шалқар теміржол маршрутында тасымалдаушының шығындарын облыстық бюджеттен субсидиялауды жалғастыру (330 млн теңге көзделген).

СУМЕН ҚАМТУ

Облыс әкімдігінің алдында халықты сапалы ауызсумен 100% қамтамасыз ету міндеті тұр.

Осы мақсатта өткен жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 12 жоба іске асырылды, нәтижесінде халықты қамтамасыз ету 95,3%-дан 96,2%-ға дейін өсті.

Ақтөбе қаласында су тапшылығын жою бойынша жұмыстар жалғасуда:

— Жалпы құны 1,9 миллиард теңгені құрайтын Елек суқабылдағышын (14 ұңғыма) кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын Құндақтықыр суқабылдағышын (8 ұңғыма) қалпына келтіру жұмыстары басталды;

— Биыл Сарыбұлақ және Моисеев жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды жүзеге асыру Ақтөбе қаласын тәулігіне 126,5 мың текше метр сумен қосымша қамтамасыз етеді, бұл — қаланы тағы 40 жыл тұрақты сумен қамтамасыз ету деген сөз.

2021 жылы халықты сумен қамтуды 96,9%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Яғни биылғы жылы жалпы халық саны 5,8 мың адам болатын тағы 10 ауыл ауызсумен қамтамасыз етілмек.

*** Анықтама үшін:  биыл сумен жабдықтау желілерін салу бойынша 12 жаңа жобаны іске асыру мәселесі қарастырылады.

ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Газбен қамтамасыз ету — облыс тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі күні облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 6 720 км құрайды, облыстағы 315 елді мекеннің 126-сы (39%) газдандырылған, халықты газбен қамту көрсеткіші — 91,4%.

2020 жылы жалпы құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын газбен жабдықтау жобаларын іске асыру арқылы жалпы саны 10 мыңнан астам тұрғыны бар 13 ауылға көгілдір отын жеткізілді.

Ал 2021 жылы жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын газбен жабдықтау жобалары іске асырылатын болады, нәтижесінде 5,3 мың тұрғыны бар 8 ауыл газбен қамтылады. Осылайша облыс тұрғындарының 92%-ы газбен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ биыл 13 мыңнан астам тұрғыны бар 25 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін жеткізу желілерін салуға жалпы құны шамамен 10 млрд теңгені құрайтын 5 жаңа жоба (2021 жылы – 2,5 млрд теңге) жүзеге асырылады. Оның ішінде Жұрын, Қаракөл, Әлімбет, Құмқұдық, Құтикөл, Ащысай, Қаратаусай, Байтурасай, Аманкөл, Жарма және т.б. елді мекендер бар.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Бүгінгі күні облысты электр энергиясымен қамтамасыз ету 100%-ды құрағанымен, электр желілерінің тозуы мәселе болып отыр.

2020 жылы инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге бірқатар жұмыстар жүргізілді, 684,2 км электр желісі мен 111 трансформатор жөнделді.

Сондай-ақ өткен жылы көше жарығын орнату және жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 150 км-ден астам желілерді жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлінді (5,5 мыңнан астам шам мен 5,1 мың бағана орнатылды).

2021 жылы инвестициялық бағдарлама аясында 1,5 млрд теңгеге бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы 338 бау-бақша ұжымында ретсіз коммуналдық қызметтерді түгендеу жүргізіледі.

Сонымен қатар бүгінде Ақтөбе қаласын көше жарықтарын орнату және жаңарту үшін қажетті құжаттама әзірленуде. Жоба аясында 220 км жол салу және 74,4 км көшелерді жарықтандыру желілерін жаңарту жоспарланған.

*** Анықтама үшін: облыста көшелерді жарықпен қамтамасыз ету үшін әкімдік 2025 жылға дейінгі кезең-кезеңмен жүргізілетін іс-шаралардың жоспарын әзірлеуде. Аталған жоспар бойынша өңірде көшелерді жарықпен қамту көрсеткіші 86 пайызға жетеді.

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Перспективті ауылдарды кешенді дамыту үшін және оларды облыстағы өмір сапасы стандарттар жүйесіне келтіру мақсатында «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы жүзеге асырылуда.

Осы орайда 2020 жылы 77 мың халқы бар 13 перспективті ауылда құны 4,2 млрд теңгеге әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 31 жоба іске асырылды.

Биыл 2,1 млрд теңгеге 24 жобаны іске асыру мақұлданды. Сонымен қатар қосымша жалпы құны 4,6 млрд теңгені құрайтын 49 жоба мақұлданбақ.

Нәтижесінде 2021 жылы «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы бойынша жалпы саны 65 мың тұрғыны бар 34 ауылда 73 жоба жүзеге асырылады.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 41,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

— 2,1 млрд теңгеге COVID-19 пандемиясына қарсы күрес аясында медициналық жабдықтар сатып алынды.

— 39,4 млрд теңгеге 300 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Бұл 12,1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді (жастар — 42%, аз қамтылғандар — 5%, мүмкіндігі шектеулі жандар — 2%). Осылайша жұмыспен қамту бойынша жоспар 105%-ға орындалды.

***Анықтама үшін: салалар бойынша 300 жоба:

— әлеуметтік-мәдени нысандар — 107 жоба 12,9 млрд теңгеге;

— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы — 37 жоба 6,5 млрд теңгеге;

— жолдар — 131 жоба 18,4 млрд теңгеге;

— абаттандыру — 25 жоба 1,6 млрд теңгеге.

Қаржыны игеру көрсеткіші — 99,5 пайыз.

Сонымен қатар Есеп комитеті атап өткендей, біздің өңір — «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жұмыссыздық деңгейін 0,1 пайыздық көрсеткішке дейін  төмендеткен республика бойынша жалғыз облыс («Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жаңа жұмыс орнын құру арқылы 4,9%-дан 4,8%-ға).

ЖҚЖК аясында 2021 жылға Ақтөбе облысына 15 млрд теңге лимит жеткізілді, оның ішінде:

1,1 млрд теңге — шағын орта бизнесті микронесиелеуге жолдау;

13,9 млрд теңгеге халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жоспарлануда.

Қазіргі таңда құрылыс бойынша 1,8 мың жұмыс орнын құру үшін 30 жоба іріктелді (уақытша — 904, тұрақты — 881).

Тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үй мәселесі — біздің еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған тұрғындар үшін ең өзекті мәселе.

Бүгінгі күні облыста тұрғын үй алу үшін тізімде тұрған 32 мыңнан астам адам бар (оның ішінде Ақтөбе қаласында — 25 мыңға жуық адам).

2020 жылы кезекте тұрған 1 212 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 643 отбасы кезек тәртібімен, 315 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, 225 отбасы «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде және 29 отбасы «ҚИК» ИК» АҚ бағдарламасы бойынша баспаналы болды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бұл бағыттары кезекте тұрғандарға тиісінше 2% және 5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша және 10% бастапқы жарнамен тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді.

Биыл кезек тәртібімен 891 пәтерді пайдалануға беру және кезекте тұрғандар арасында бөлу жоспарлануда, бұдан басқа «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде шамамен 300 отбасына жеңілдікпен несиелер беру жоспарлануда. Жалпы, биыл 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 7,4 мың пәтер енгізу жоспарлануда.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өткен жылғы пандемия жағдайын ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындарды жұмысқа орналастыру біздің басым міндетіміз болды. Соның нәтижесінде жұмыссыздықтың өсуіне жол берген жоқпыз және орташа республикалық деңгей 5% болса, біз жұмыссыздықты 4,8% деңгейінде ұстап тұруға қол жеткіздік.

2020 жылы 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оның шамамен 60%-ы (56,3%) — тұрақты жұмыс орындары. Осындай жұмыстардың нәтижесінде де біз оң көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Бұл бағыттағы жұмыстар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру есебінен де жүргізіліп келеді.

Мәселен, 2020 жылы жоспар бойынша қамтылуы тиіс 42,1 мың адамның орнына 54,2 мың адам қамтылды, яғни жоспар іс жүзінде 130%-ға орындалды.

Сонымен қатар мәселенің өзектілігіне байланысты біз шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуды да бақылауда ұстаймыз. Мәселен, 2020 жылға ШЖК тартуға бөлінген квота 1 305 бірлік болды, дегенмен былтыр квота 1 155 бірлікке дейін немесе 3 санат бойынша 12%-ға қысқартылды, барлығы бір жыл ішінде 820 рұқсат берілді. Осылайша квота 75%-ға пайдаланылды.

Бүгінгі таңда шетелдік жұмыс күшін тартатын 86 жұмыс беруші қызметкерлерінің негізгі бөлігі — қазақстандық қызметкерлер, яғни қызметкерлердің жалпы санының 97%-ы немесе шамамен 31,8 мың адам — қазақстандықтар.

Сонымен қатар 2020 жылы 4-санат бойынша (білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тарту жүзеге асырылған жоқ.

2021 жылы кемінде 23 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады, бұл бағдарлама аясында 50 мыңға жуық адамды қамту жоспарланып отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек беру жұмыстары да жалғасады, биыл 3 млрд теңгеден астам қаржы болатын бұл көмекті 40 мыңнан астам адам алады, сондай-ақ 1 млрд теңге көлеміндегі кепілді әлеуметтік пакетті 12 мыңнан астам бала, тұрғын үй көмегін 1,1 мыңнан астам отбасы (30 млн теңге) алады.

ЭКОЛОГИЯ

Расында, облыстағы экологиялық жағдай қолайсыз, бүгінде бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Бұл бағыттағы проблемаларды шешуге Үкіметтің қолдауымен бірге облысымыздағы еріктілердің де пайдасы зор.

Мысалы, Шалқар көлінің түбін суландыру мәселесін алайық. Биыл республикалық бюджеттен көл түбін тазарту жобасын іске асыруға 432 млн теңге бөлінді (жалпы көлемі — 3,1 млрд теңге).

Көкжиде жерасты сулары мәселесі де маңызды. Биыл  кен орны қорларын қайта бағалау жобасы аяқталады, оны іске асыру барысында ұңғымалар желісі бұрғыланды, аталған жұмыстар бойынша кейін жерасты суларына мониторинг жүргізілетін болады.

Экология бағытында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы да аса маңызды, былтыр 3 полигонның құрылысын бастадық (Мәртөк, Қобда, Қарауылкелді), оларды биыл аяқтаймыз деген жоспарымыз бар.

*** Анықтама үшін: Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ ауылдарында ҚТҚ полигондарын салу мәселесі жоспарлы түрде қарастырылуда.

Тағы бір маңызды мәселе — Алға химиялық зауытының қалдықтарын
жою, қолда бар құжаттама ескірген және түзетуді қажет етеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе ҚР Үкіметі тарапынан пысықталып жатыр.

Ақтөбе қаласының тұрғындарын Қарғалы, Елек, Бұтақ өзендерінің арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізу мәселесі де ерекше алаңдатады.

Қазіргі уақытта әкімдік Үкіметпен бірлесіп жобалық-сметалық құжатты түзету бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жұмыстар одан әрі қоғам мен сарапшылардың пікірін ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін ағаш отырғызу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 5 жылда 40 мың гектар жерге ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Осы мақсатта облыстық бюджеттен алдағы 3 жылда 3,1 млрд теңге бөлінеді.

Бұған қоса суармалы жерлердің аумағын ұлғайту және балық шаруашылығын дамыту мақсатында бөгеттерді түгендеу (гидротехникалық құрылыстардың МТҚ) жүргізілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін 34 бөгет анықталды.

Сондай-ақ жүргізілген талдау нәтижесінде шамамен 10 шағын су қоймасын жасақтау қажеттілігі анықталды.

2021 жылы алдымызға мынадай міндеттерді қойып отырмыз:

— жаңадан құрылған бақылау ұңғымалары желісінде Көкжиде жерасты суларының жер қойнауын пайдаланушылардан тәуелсіз мониторингін
ұйымдастыру мәселесін пысықтау;

— облыстық бюджеттен 750 млн теңге, республикалық бюджеттен
2,1 млрд теңге көлемінде қаражат тарта отырып, облыстың орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық қажеттілігін қамтамасыз ету;

— бұрынғы Алға химиялық зауытының қауіпті қалдықтарын жою жобасын Үкіметпен бірге түзетуді пысықтау;

8 бөгетті күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

10 шағын су қоймасын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу.

БІЛІМ

Білім беру саласын дамыту, педагогтерді қолдау, білім беру сапасын арттыру —  мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі.

Білім беру саласына облыс бюджетінің шамамен 35%-ы тиесілі, бұл көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

Мысалы, 2020 жылы 3,5 мыңнан астам орындық 26 балабақша ашылды (1-6 жастағы балаларды қамту —  86,3%, 3-6 жастағы балаларды қамту 100% болды).

Сонымен қатар үш ауысымда оқитын және апатты мектептер, орын тапшы мектептер мәселесін шешу мақсатында 5 мектеп пайдалануға берілді (Ырғыз гимназиясы, Ақтөбе қаласындағы №74 мектеп, «Нұр Ақтөбе» ауданындағы орта мектеп, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл жалпы білім беру мектебі, Темір ауданы Шұбарқұдық кентіндегі орта мектеп). Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 2 бірлікке қысқарды. Сондай-ақ 56 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Педагог мәртебесін көтеру бағытында да жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, облыстың білім беру қызметкерлеріне біржолғы сыйақы төленетін жергілікті ерекшелік белгілері тағайындалды. Атап айтсақ, «Ақтөбе облысының үздік педагогикасы» төсбелгісіне ие болғандар — 500 АЕК және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағына ие болғандарға 300 АЕК көлемінде сыйақы белгіленді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен педагогикалық мамандықтарға 40-қа жуық грант бөлінді, облыс педагогтерінің 50%-ы ұлттық біліктілік
тестілеуінен өтті және жалақыға 30-50% мөлшерінде үстемеақы алды.

Бұл ретте карантиндік және шектеу шаралары білім беру саласына әсер еткенін айта кету керек, бүгінде оқушыларды қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.

ҚР Үкіметі резервінен және жергілікті бюджеттен 4 млрд теңгеге 24,6 мың ноутбук сатып алынды (резервтен – 2,9 млрд теңгеге 19,1 мың ноутбук, жергілікті бюджеттен  – 1,1 млрд теңгеге 5,5 мың ноутбук). Оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 492 млн теңгеге 14 мыңнан астам роутер сатып алынды.

*** Анықтама үшін: Білім беру ұйымдары санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 87 пән кабинеті сатып алынды.

Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған «Жас маман» жобасы іске асырылды, 5 колледж 1,6 млрд теңге көлеміндегі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

*** Анықтама үшін: Хромтау тау-кен техникалық, жоғары политехникалық, автожол, көлік, коммуникация және жаңа технологиялар, құрылыс және бизнес.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс саны артты (550 орын).

Сондай-ақ өткен жылы облыс әкімінің 80 гранты бөлінді, оның 52-сі педагогикалық мамандықтарға арналған.

Оқушылардың бос уақытын және жан-жақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыс деңгейін төмендету үшін 4 аула клубы ашылды (Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы аудандарында), барлық білім беру ұйымдары 100% бейнекамералармен жабдықталған.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға түзету көмегін көрсететін ұйымдар желісін ұлғайту мақсатында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды (қосымша 211 бала қамтылды).

Сонымен қатар аз қамтылған отбасылар балаларына да көмек көрсетіліп келеді, 2020 жылы 17 мыңнан астам балаға жалпы алғанда 450 млн теңгеге әлеуметтік (әрқайсысына 25 мың теңге) көмек көрсетілді.

Биыл және одан кейінгі жылдарға біздің алдымызда мынадай міндеттер тұр:

– педагог кадрларға деген тапшылықты жою бойынша шаралар қабылдау;

– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 70 грант бөлу;

– білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында 2020-2022 жылдары 2,5 млрд теңгеге облыстың 68 мектебінің 254 кабинетін жабдықтау.

– ағымдағы жылы 8 мектеп құрылысын жалғастыру және 5 жаңа мектеп құрылысын бастау есебінен оқушы орындары қардарлығын және үш ауысымдық білім беруді жою бойынша жұмыстар жалғасады;

2 аула клубын ашу есебінен қосымша білім беру ұйымдары желісін ұлғайту;

«Жас маман» жобасы аясында тірек колледждерін заманауи жабдықтармен және бағдарламалармен толық қамтамасыз ету — 4 колледж 1,2 млрд теңгеге;

– білім беру саласындағы 10-нан астам нысанға күрделі жөндеу жүргізу.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУ

2020 жылы дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындарды қамту 31,8%-дан (2019 жылы) 32,03%-ға артты, бұл 285 мыңнан астам адамды құрайды.

Өткізілетін спорттық шаралардың елеулі түрде қысқарғанына қарамастан, біздің облысымызда өткен жылдың қорытындысы бойынша мақтан тұтарлық жетістіктерге қол жеткізілді.

Мәселен, спортшыларымыз Азия чемпионаттарында 5 алтын медальді иеленді. Сондай-ақ халықаралық турнирлерде — 14, ҚР чемпионаттарында 42 медаль алды.

Облыста қаржылай қолдау мақсатында ай сайын 200-ден астам спортшы мен жаттықтырушыға жалақы төленеді, оның 40-тан астамы — мүмкіндігі шектеулі спортшылар.

2020 жылы облыс аудандарында (Мәртөк, Темір, Байғанин және Хромтау) 4 спорттық-сауықтыру орталығының, сондай-ақ иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған жабық аренаның құрылысы аяқталды.

Биылғы жылдың қаңтар айында жанында қосымша ғимараты бар роликті шаңғы трассасы пайдалануға берілді.

Сонымен бірге биылғы жылы спорт саласында бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтсақ, спортпен айналысатын тұрғындардың саны 33,5%-ға дейін артады. Жазғы олимпиада ойындарына облыстан 3 спортшыға жолдама беріледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тағы 3 спорт кешені мен ангар типіндегі 10 спорт кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ триатлон саябағы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі.

2022 жылға қарай облыстың барлық ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕРДІ ДАМЫТУ

Облыста мәдениет пен өнерді дамытуға, мәдени мұраны қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінуде.

Былтыр «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Едіге (90 млн теңге) мен Есет батыр Көкіұлына (75 млн теңге) ескерткіштер орнатылды. Сондай-ақ «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыс аумағында археологиялық және этнографиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Батыс Қазақстан (Доңызтау) кешенді этноархеологиялық экспедициясы Доңызтау аумағында елеулі жұмыстар атқарды, онда мәдени-тұрмыстық кешендердің аумақты бөлігі тиянақты зерттелді. Экспедиция оңтүстікте, Өзбекстанмен шекарада іздестірудің шеткі нүктесіне қол жеткізді. Аталған аумақта бірегей кешендер, археологиялық нысандар анықталды.

Тасқопа қорымындағы 1 қорғанда алтын адамды жерлеудің ғылыми қалпына келтіру жұмыстары аяқталды (Темір ауданының Тасқопа елді мекеніне таяу тұста 2019 жылы табылған).

Ағымдағы жылдың наурыз айында тарихи-өлкетану музейінде қорғаннан табылған материалдар қойылымының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда. Облыста 32 киелі ескерткіштің 3D моделі жасалды, облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдары бойынша виртуалды тур өткізілді, өңірдегі 50 тарихи және мәдени ескерткішке QR-код орнатылды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Жидебай-Бөрілі» жылжымалы музей көрмесі ұйымдастырылды, суретшілер арасында «Art of Abai» республикалық конкурсы өткізілді.

2020 жылдың қазан айында Ақтөбе қаласында «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдеби форумы өтіп, оған еліміздің көрнекті жазушылары мен ақындары жиналды. Форум аясында облыс әкімі атынан ақын-жазушыларға 7 номинация бойынша сыйақы берілді. Атап айтсақ, драматургия, поэзия, проза, сатира, баллада-поэма және т.б. жанрлар бар. Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.

Пандемияға байланысты облыстың шығармашылық ұжымдары онлайн форматта халықаралық фестивальдерде, шеберлік кластарында өз мүмкіндіктерін көрсетті. «Аққу» би ансамблі Боливияның Ла-Пас қаласында өткен «La Danza Integradora de Culturas» халықаралық онлайн-фестивальге қатысты.

Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін», «Қарлығаш» туындылары әлемнің 13 елінің камералық хоры ұжымдарында орындалды (Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан, Түркия, Индия, Тайвань).

Тұрғындарға қызметті сапалы көрсету мақсатында облыстық мемлекеттік архивке, облыстық халық шығармашылығы орталығына, 7 селолық клубқа күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жаңадан 2 селолық клуб салынды.

2021 жылы Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған тапсырмаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәдени-маңызды шаралар ұйымдастыру жоспарланды.

Сонымен бірге Мәртөк (Қаратоғай) және Хромтау (Көктау) аудандарында 2 село клубы құрылысын жүргізу, бірқатар селолық клубтарға күрделі жөндеу жасау жоспарлануда.

***Анықтама үшін: облыстық кітапхана мен архивтің, Темір, Мәртөк, Хромтау, Алға аудандарында аудандық архив және музейлердің типтік ғимараттарының жобалау-құрылыс құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізу. 

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Жастар — біздің өңіріміздің және еліміздің болашағы, сондықтан да оларды қолдауға біз айрықша көңіл бөлеміз.

Бүгінгі күні жастар өңір тұрғындарының 5-бөлігін құрайды немесе олардың саны — 178,7 мың адам.

Облыстағы жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшін жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «Өз арманыңа жет!» арнаулы жобасы тұңғыш рет жүзеге асырылды.

Жоба барысында 29 жасқа дейінгі 16 адам 2 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз қаржылай грантқа ие болды.

Бұдан басқа әртүрлі бағдарламалар, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» арқылы жастардың бизнес-бастамаларын жан-жақты қолдау қарастырылды.

Біз жастар арасындағы неғұрлым түйінді проблемалардың бірі тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білеміз.

Сондықтан да аймақты дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы облыста «Жас отбасы» категориясы бойынша 212 пәтер пайдалануға берілді.

Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі жастарды жұмысқа орналастыру болып табылады, оны шешу үшін облыста «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға!», «Жастар практикасы» және «Серпін-2050» сияқты акциялар мен бағдарламалар жүргізілуде және жүзеге асырылуда.

Бұдан басқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында өңірде 25 мыңдай жас жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларына қатыстырылды.

*** Анықтама үшін:

– бос жұмыс орындарына — 12 998;

– «Жастар практикасына» — 3 274;

– әлеуметтік жұмыс орындарына — 519;                           

– уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына — 5 586;

– кәсіпкерлікке оқуға жіберілген және шағын несие, грант алғандар — 2421.

Жыл басынан бері 107 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 2 мыңнан астам жас қатысты, оның 700-ге жуығы жұмысқа орналасты.

Қабылданған шаралар облысымызда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні оның көрсеткіші 2,7% құрайды, ал 2019 жылы 3,3% деңгейін құраған еді. Бұл — республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі (Атырауда ғана — 2,5%). 

2020 жыл Президенттің бастамасы бойынша Еріктілер жылы деп жарияланғаны мәлім. Жыл қорытындысы бойынша өңірде еріктілер топтары 3 есеге дейін дерлік ұлғайды, қазіргі уақытта облыста 94 еріктілер тобы бар, олардың құрамында 2 мыңнан астам ерікті біріктірілген.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінде еріктілердің облыстық штабы құрылды, оның құрамында 300 ерікті еңбек етіп, олардың қатысуымен 370-тен астам шара ұйымдастырылды.

Жастармен жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табады, онда, негізінен, мынадай шаралар қамтылады:

– жастардың өзекті мәселелерін анықтау және пікірлерін талдау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

– еріктілердің «кооперативтік» және басқа бағыттарын қолдау;

– жастар арасында экологиялық мәдениетті көтеру мақсатында «Жасыл ел» жобасын және кешенді экоакциясын жалғастыру, т.б.

ЦИФРЛАНДЫРУ

Біздің облысымыз еліміздегі неғұрлым қуатты дамыған аймақтардың бірі болуы үшін 2020 жылы Ақтөбе облысын трансформациялау және оны қазіргі заман талаптарына бейімдеу жобасы жүзеге асырылды.

Мақсаты аймақтың барлық міндеттері мен проблемаларын шешудің бірыңғай және қалыптасқан механизмін пайдалану болып табылатын «AQTOBE HUB» даму аймақтық орталығының Корпоративті қоры құрылды.

Трансформациялау көкейкесті проблемаларды шешуде биліктің, қоғам мен бизнестің күшін нығайтуға, аймақтық дамудың әртүрлі жобаларын жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Осылайша трансформациялау барысында өңіріміздің экономикалық және инвестициялық әлеуетін бағалау жүргізілді, тиімді кадрлық саясат жасақтау, халықтың тыныс-тіршілігін жүйелі цифрландырумен қамту, сондай-ақ еститін, пайдалы іс-әрекет жасай алатын мемлекетті дамыту шаралары қолға алынды.

Сондай-ақ 2020 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында біз халықтың мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін арттыруды мақсат еткен «Open Aqtobe» мобильді қосымшасын іске қостық. Еркін қолданыстағы мобильді қосымша өңір тұрғындарының онлайн-сервисті тегін пайдалануына және өзекті әрі қажетті ақпараттарды үйден шықпай-ақ алуына мүмкіндік туғызып отыр.

Сонымен қатар карантин кезінде «906-606» сериялық нөмірімен Сall-орталық іске қосылып, «Алғашқы жедел жәрдем» ЖШС базасында қажетті шараларды ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Осылайша 2020 жылы төтенше жағдай кезінде Сall-орталық 68 мыңнан астам қоңырау қабылдап, бұлар ақпараттық жүйе арқылы тіркелді және мәліметтер базасындағы аудио жабдықтарға жазылып алынды.

Карантин кезінде картаға 7 магистралды және 12 периметрлік блок-бекет, 23 тұрғынжай аумағы, 96,7 мың ғимарат енгізілді, тіркеуде тұрған 511 мың тұрғын геоақпарат жүйесіндегі тұрғынжай объектілеріне бекітілді, оның қатарында 35,5 мың атаулы әлеуметтік көмек алушы бар.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының мердігер мекемелері атқарған нақты жұмыстарды бақылау мақсатында біз «Басқару, есеп және мониторингтік жұмыстар жүйесі» бағдарламалық-ақпараттық кешенін іске қостық. Бұл жоба экономикадағы бәсекелестікті дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополия қызметі тарифтеріне тәртіп енгізуде нақты шешімдер қабылдауға қол жеткізеді.

Ал интернетке қолжетімділікке келер болсақ, бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 97,2 пайызы мобильді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілді, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 250 мыңнан астам халқы бар 75 ауылдық елді мекен кеңжолақты интернетпен қамтылды, тағы 7 ауылда сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Анықтама үшін: сондай-ақ 7 ауылда талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізілді (Ойыл ауданының Сарыбие, Қараой ауылдары, Темір ауданының Сарыкөл, Ақсай ауылдары, Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылы, Мұғалжар ауданының Жем қаласы).

Сонымен бірге өңірімізде тұрғындар мен ұйымдардан түскен өтініштерді қабылдауға және өңдеуге бағытталған Бірыңғай диспетчерлік орталық қызмет көрсетеді.

Бұдан басқа 2020 жылы «PoliceAqtobe» QR-код бойынша өткізу жүйесі іске қосылды, сондай-ақ қаланы залалсыздандыру мен тазалау бойынша нақты жұмыстардың орындалуын және пациенттерді бақылау жүргізілді.

«FSMInformKZ» мобильді қосымшасы арқылы өтініштер қабылданды, яғни мемлекеттік және орыс тілінде еркін қолжетімді (көшірілім саны: Android — 25 мыңнан астам, IOS — 28 мыңнан асады), бұл іс рұқсатнама мен акт беру кезінде жемқорлыққа жол бермеуге ықпал етті.

Карантин кезеңінде пациент тарапынан бұзушылықтарды анықтау үшін пациенттерді орналастыру және диспетчерге хабарлама жіберу картасында көрініп тұру бойынша жұмыстар жүргізілді (Карантин аймағы шегінен шыққаны туралы және нақты қай жерде жүргенін тексеру бойынша).

Мәліметтер базасында карантинде 2,5 мыңнан астам пациент тіркелді, 1,2 мыңнан астамы мобильді қосымша қолданады.

2020 жылы Ақтөбе облысы әкімдігі облыстың ситуациялық орталығы құрылысын аяқтады, оның негізгі қызметі мен міндетінің бірі — әлеумет саласы көрсеткіштерінің мониторингі мүмкіндігін құру (online) мен мемлекеттік органдардың жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету.

Анықтама үшін: барлық нысандарды паспорттау және  түгендеу басталды, оның ішінде бағдаршамдардың диспетчерлендіру жүйесі мен әлі көтерілмеген Батыс-3 ауданын 3D модельдеу бар.

Биыл біз Мониторинг және бақылау орталығы жанындағы ғылыми-зерттеу кешенінде пилотсыз техника зертханасын құруды жоспарладық, жасанды интеллект Қорымен бірге Big Data өңдеу үшін тарихи мәліметтер жинақтау және Бірыңғай өңірлік шина құру, сондай-ақ Ақтөбе облысының бірыңғай геоақпараттық порталын толтыру бойынша жұмыстар жоспарланды.

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде
2020 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, қылмыспен күрес және оның алдын алуда белгілі дәрежеде оң көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Мемлекет басшысының ҚР Бас прокуратурасымен бірлескен тапсырмасын орындау мақсатында облыста 2016 жылдан бері өңір тұрғындарының маңызды мәселелерін дәл және нақты шешуге бағытталған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып келеді.

«Десанттар» жұмысының шеңбері нәтижесінде 2020 жылы 1278 шара өткізілді, оның 710-ы онлайн форматында ұйымдастырылған, 76 мың адамды қамтыған 568 жеке кездесулер өткізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы деструктивті діни ағымға ілесіп жүрген 229 адам дәстүрлі ислам нормаларына қайтып оралды.

Бұнымен қоса қоғамдық тәртіпті сақтаудың тағы бір маңызды факторы полиция органдарына қаржылық қолдау болып табылады. Осылайша полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,5 млрд теңге бөлінді.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 36,6%-ға төмендеді (11 279-дан 7130-ға).

Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 52,3%-ға (4876-дан 2324-ке), соның ішінде көшеде жасалған қылмыстар 55,4%-ға (1972-ден 880-ге) азайды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құқық қорғау органдары халық арасындағы қылмыстар деңгейін төмендетуге қол жеткізді.

Анықтама үшін: ауыр қылмыстарды ашу — 69,1%-ға, аса ауыр қылмыстарды ашу — 20,4%-ға, өлімге соқтырған қылмыстарды ашу — 21,2%-ға, бұзақылықтарды ашу 53,3%-ға жақсарды; кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар саны 26,7%-ға төмендеді.

Жол-көлік оқиғаларының саны 31,5%-ға азайды (870-тен 605-ке).

Сондай-ақ біз өз өңіріміздің әр тұрғыны мен қонағының толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар заманауи технологияларды қолдану арқылы іске асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button