Денсаулық

Ақтөбеде бала туу көрсеткіші өскен

Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  жұмыс сапарымен келді. Вице-министр Мемлекет басшысының денсаулық сақтау ұйымдары мен акушерлік-реанимациялық қызметтердің жұмысын күшейту, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Еліміздің медицина саласын жақсартудағы ең маңызды міндеттің бірі — ана мен бала денсаулығын қорғау, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Мемлекет ана өлімін болдырмау үшін барлық мүмкіндікті қолданып отыр. Ақтөбе облысында былтыр бала туу көрсеткіші артқан, яғни 21 326 сәби дүниеге келген. Бұл 2019 жылдың көрсеткішімен  салыстырғанда 869-ға көбейіп отыр. Жүкті әйелдер саны 1013-ке өскен.

Вице-министр А.Ғиният Ақтөбе медициналық орталығы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және  перзентханаға барды. Дәрігерлермен кездесті. емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сондай-ақ А.Ғинияттың төрағалығымен ​ ана өлімін төмендетуде шұғыл шараларды қабылдау бойынша  республикалық штабтың отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қалауов қатысты. Жиында аналарға медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button